Date of publication: 09.11.2018 16:34
Date of changing: 09.11.2018 16:34

Кеден органдары қолданатын

тәуекелдерді басқару жүйесі туралы

 

Келесідегідейайқындалған мақсаттарды іске асыру үшін кеден органдары жүргізетін іс-шаралар кешені тәуекелдерді басқару жүйесі деп түсініледі:

1) кедендік бақылаудың тиімділігін қамтамасыз ету;

2) деңгейі жоғары тәуекел салаларына назарды шоғырландыру және кеден органдарының ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;

3) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шараларды қолдану қажеттілігі анықталмаған тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізуді жеделдету және оңайлату үшін жағдайлар жасау болып табылады.

Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында жүктелген мемлекеттік бақылаудың (қадағалаудың) өзге де түрлерін жүргізу кезінде тәуекелдерді басқару жүйесін қолдануы мүмкін.

Тәуекелдерді басқару жүйелерін қолдану стратегиясы мен тактикасын, сондай-ақ оның жұмыс істеу тәртібін уәкілетті орган бекітеді.

Тәуекелдерді басқару жүйелерін қолдануда төмендегідей негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) тәуекел – Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын сақтамау ықтималдығы;

2) тәуекел бейіні – тәуекел саласы, тәуекел индикаторлары және тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар туралы мәліметтердің жиынтығы;

3) тәуекел деңгейі – Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын сақтамауға байланысты оқиғалардың басталу жиілігінің және көрсетілген оқиғаның басталуынан болатын ықтимал салдардың (залалдың) арақатынасын сипаттайтын шама;

4) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар – осы Кодексте көзделген кедендік бақылау нысандары, кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ететін шаралар, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген, тәуекелдерді бағалау негізінде қолданылатын өзге де шаралар;

5) тәуекелдерді басқару – Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын сақтамауға байланысты оқиғалардың басталуын және олардың басталуынан болатын ықтимал салдарды (залалды) барынша азайту жөніндегі кеден органдарының жүйеге келтірілген қызметі;

6) тәуекелді бағалау – тәуекелді сәйкестендіру, талдау және тәуекел деңгейін айқындау бойынша әрекеттер;

7) тәуекелді сәйкестендіру – тәуекелді анықтауға, тануға және сипаттауға бағытталған әрекеттер;

8) тәуекелді талдау – тәуекел саласын және индикаторларын айқындау үшін кеден органдарындағы ақпаратты пайдалану;

9) тәуекел индикаторы – кедендік бақылау объектісін таңдауға мүмкіндік беретін белгілердің белгісі немесе жиынтығы;

10) тәуекел саласы – тәуекелді және ол туындайтын жағдайларды сипаттау.

Тәуекелдерді басқару жүйесі кедендік бақылау объектілерін, тәуекелдерді басқару жөніндегі шараларды таңдау және тауарлардың кедендік бақылауда болу кезеңінде кедендік бақылау жүргізу үшін пайдалынады.

Тәуекелдерді басқару процесі:

1) кедендік бақылау объектілері, жасалған кедендік операциялар және тауарлар шығарылғанға дейін және шығарылғаннан кейін жүргізілген кедендік бақылау нәтижелері туралы ақпаратты жинауды және өңдеуді;

2) тәуекелді бағалауды;

3) тәуекел индикаторының сипаттамасын;

4) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шараларды және оларды қолдану тәртібін айқындауды;

5) тәуекелдер бейіндерін әзірлеуді және бекітуді;

6) кедендік бақылау объектілерін таңдауды;

7) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шараларды қолдануды;

8) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шараларды қолдану нәтижелерін талдауды және бақылауды;

9) осы тармақта көрсетілген іс-шаралардың тиімділігін бағалауды қамтиды.

Тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шараларды саралап қолдану мақсатында кедендік операцияларды жасайтын тұлғаларды тәуекелдің төмен, орта немесе жоғары деңгейі санаттарына жатқызу арқылы оларды санатқа бөлуді жүзеге асырылу мүмкін.Тәуекелдерді басқару бойынша қызметті жүзеге асырылу кезінде ақпараттық жүйелер мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар артықшылықпен пайдалынады.

      Алайда, тәуекелдер бейіндері мен индикаторларында қамтылған ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленетін жағдайларды қоспағанда, сондай-ақ мынадай:

1) Қазақстан Республикасыныңкеден заңнамасын бұзғаны үшін қылмыстық және (немесе) әкімшілік жауаптылыққа тарту фактісі;

2) кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары бойынша берешектің болуы индикаторларын қоспағанда, құпия болып табылады.

 

Талдау және тәуекелдер басқармасы

тел.: 238036