«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық саясат: жаңа басымдықтар» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық саясат: жаңа басымдықтар» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті

 

Сыбайластықпен күресу – алға қойылған мақсат

     «Сыбайлас жемқорлық» ұғым, құбылыс  ретінде  капитализм дәуірінде, немесе коммунизм тұсында пайда болды» деп айту қиын әрине, өйткені ол адам баласының саналы өмір кешіп, дамуымен бірге қатар жүріп, дамып келеді. Яғни тамыры тереңде. Адамзат өркениеттенген сайын сыбайластық та дамып, жетіліп, онымен күресу қиындай түсуде. Қазіргі кезде сыбайластық жоғарғы даму сатысында тұр, ол ұйымдасқан қылмыспен қатар көрініс табуда.

Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде кеңейтілген құқықтық оқу болып өтті

         Ағымдағы жылдың 13 қаңтарында Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер  департаментінде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы № 416-V санды және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V  санды Заңдарының жаңа редакциясымен танысу мақсатында кеңейтілген құқықтық оқу болып өтті. Құқықтық оқуға Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық, кеден, экономикалық тергеу қызметі салаларының қызметкерлері, Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері қатысты.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау

Қармақшы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында, басқарма қызметкерлері мен Жосалы, Төретам кенттерінің, Ақай ауылы  мен ауылдық округтері салықшы мамандарының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау » тақырыбында семинар-кеңес өткізілді. 

Жағымсыз жемқорлық әрекеттерін болдырмау - басты мақсат

29 сәуір 2015 жыл 

Жағымсыз жемқорлық әрекеттерін болдырмау - басты мақсат

 

          Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде, Департамент және  Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» және «Еңбек тәртібі мен Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мен Мемлекеттік қызметкерлердің киім кию стилін ұстану туралы» тақырыбында құқықтық оқу өткізілді.      

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар және мемлекеттік қызметшілердің этикасы

06.11.2015 ж.

2015 жылдың 6 қарашасында Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар және мемлекеттік қызметшілердің этикасы жөнінде» дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

 Аталған іс-шараға Қызылорда облысының прокуратурасы, Мемлекеттік қызмет істері  және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  Қызылорда облысы бойынша департаменті, «Нұр-Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалы, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы, «Туған жер» қоғамдық қозғалысы» қауымдастығының өкілдері шақырылды.

Заң бұзушылық және оның салдары

04.11.2015 жыл

Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде ағымдағы жылдың 04 қарашасында Департаменттің және Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы қызметкерлерінің  қатысуымен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ұсынысына сәйкес, жеке құрамға түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында «Заң бұзушылық және оның салдары» тақырыбында жиналыс өткізілді.

        Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Департаменттің Ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкері  М.Абдыкамалов баяндама жасады.

Сыбайластықпен күрес ұдайы назарда

Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде ағымдағы жылдың 23 қазанында қала, аудандар бойынша Мемлекеттік кірістер басқармалары басшыларының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық көріністерінің жайы және оның алдын алу» тақырыбында мәжіліс өткізілді.

Мәжілісті ашқан Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының міндетін атқарушы М.Қалдарбеков, бүгінгі таңдағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселесінің маңыздылығына тоқталды. 

Сыбайлас жемқорлықпен күрес

        Ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңғы онкүндігінде Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті және Қызылорда қалалық прокуратурасы қызметкерлерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс шараларының маңыздылығы» тақырыбына семинар-кеңес өткізілді, оған Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының 79 қызметкері қатысты.

Жемқорлықпен қоғам болып күресейік

         Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде, Қызылорда облысы прокуратурасы, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті, Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті өкілдерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық көріністерінің жайы және оның алдын алу» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.

Сыбайлас жемқорлықтың қатерлі салдары

         Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде, ҚР ҚМ Мемлкеттік кірістер комитетінің төрағасы Д.Ергожиннің «Мемлекеттік кірістер органындағы орын алған келеңсіз көріністер туралы» арнайы хабарламасына сәйкес жиналыс өткізілді.