Date of publication: 29.04.2015 10:59
Date of changing: 29.04.2015 11:01

Тіркелген салық

 

Тіркелген салықты төлеушілер:

o    ұтыссыз  ойын автоматтарын;

o    ойын өткізуге пайдаланылатын дербес компьютерлерді;

o    ойын жолдарын (боулинг (кегельбан);

o    картты (картинг);

o    бильярд үстелдерін (бильярд) пайдалана отырып, қызмет көрсетулерді жүзеге асыратын  дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар болып табылады.

 

Тіркелген  салық салу объектілері болып табылатындар:

o    бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы;

o    біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы;

o    ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер;

o    ойын жолы;

o    карт;

o    бильярд үстелі тіркелген салық салу объектісі болып табылады.

       Қызметін бір әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жүзеге асыратын  барлық салық төлеушілер үшін жергілікті өкілді органдар бекітілген базалық ставкалар шегінде бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілейді.

Тіркелген салық үшін салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылады.

 

Тіркелген салықты есептеу тәртібі және төлеу мерзімі

o    Салық салу объектілері айдың 15-iн қоса алғанға дейiн пайдалануға берілген және 15-не дейін шығып қалған кезде, тіркелген салық  белгіленген ставка бойынша, 15-інен кейін белгіленген ставканың  1/2 мөлшерінде есептеледі.

o    Тіркелген салық есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей салық салу объектілерінің тіркелген орны бойынша бюджетке төленуге жатады.