Date of publication: 04.05.2015 10:57
Date of changing: 14.11.2018 18:18

Заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге салынатын мүлік салығы


517-бап. Салық төлеушілер

 

1. Мыналар мүлік салығын төлеушілер болып табылады:

1) Қазақстан Республикасының аумағында меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығында салық салу объектiсi бар заңды тұлғалар;

2) Қазақстан Республикасының аумағында меншiк құқығында салық салу объектiсi бар дара кәсiпкерлер;

3) концессия шартына сәйкес концессия объектісі болып табылатын салық салу объектісін иеленуге, пайдалануға құқығы бар концессионер;

4) осы Кодекстің 518-бабында көрсетілген тұлғалар.

            Мүлiк салығын төлеушiлер болып табылмайды:

1) өздері ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, сақтау және қайта өңдеу процесінде тікелей пайдаланатын меншік құқығындағы салық салу объектілері бойынша шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатындара кәсіпкерлер.

Осы тармақшада көрсетілген салық төлеушілер өзінің ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, сақтау және қайта өңдеу процесінде тікелей пайдаланылмайтын салық салу объектілері бойынша мүлік салығын осы бөлімде айқындалған тәртіппен төлейді;

2) мемлекеттiк мекемелер және орта білім беретін мемлекеттік оқу орындары;

3) қылмыстық жазаларды атқару саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның түзеу мекемелерiнiң мемлекеттiк кәсiпорындары;

4) дiни бiрлестiктер.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалар пайдалануға, сенімгерлік басқаруға немесе жалға берілген салық салу объектілері бойынша салық төлеушілер болып табылады.