Date of publication: 04.05.2015 10:59
Date of changing: 14.11.2018 18:00

Меншік құқығында салық салу объектілері заңды тұлғалар көлік құралдары салығын төлеушілер болып табылады.  Қаржы лизингi шарты бойынша берiлген (алынған) салық салу объектiлерi бойынша көлiк құралы салығын төлеушi лизинг алушы болып табылады.

       Заңды тұлғалар ағымдағы төлемдер сомасын төлеуді салық салу объектiлерiнiң тiркелген жерi бойынша ағымдағы төлемдердi салық кезеңiнiң 5 шiлдесiнен кешiктiрмей енгiзу арқылы жүргiзедi.

          Көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе жедел басқару құқығын салықтық кезеңнің 1 шiлдесінен кейiн алған жағдайда, заңды тұлғалар көрсетiлген көлiк құралы бойынша салық төлеудi салықтық кезең үшiн декларацияны ұсыну мерзiмi басталғаннан кейiнгi күнтізбелік он күннен кешiктiрмей жүргiзедi.

Салығын есептеу салық кезеңi 1 қаңтармен 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл көлiк құралдары у үшін болып табылады.

        Заңды тұлғалар көлiк құралдары салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын – ағымдағы салық кезеңiнiң 5 шiлдесiнен кешiктiрмей, сондай-ақ декларацияны есептi жылдан кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей салық салу объектiлерiнiң тiркелген жерi бойынша салық органдарына ұсынады.

        Бірыңғай жер салығын төлеу негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер көлік құралдары салығы бойынша салықтық есептілікті бірыңғай жер салығы бойынша декларацияға тиісті қосымша түрінде ұсынады.