Date of publication: 19.01.2018 13:12
Date of changing: 19.01.2018 13:14

Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде еңбек ұжымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттандыру мақсатындағы мобильді топтың «Парасыз болашаққа. Бірге!» ұранымен кезекті кездесуі өтті. Барлық департамент қызметкерлеріне арналған кездесуді департамент басшысы Серік Жолдасбекұлы Мұстафаев ашып, мобильді топ мүшелерін таныстырды.

Кездесудің модераторы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Абзал Сансызбайұлы Мұхимов сөз басында  2018 жылдың 10 қаңтарындағы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың  «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арналған дәстүрлі жолдауының ТОҒЫЗЫНШЫ басымдығына тоқталды.

Жемқорлықтың алдын алуға бағытталған күрестің сипаты мен жасалып жатқан жұмыстар туралы, құқық үстемдігіне және заң алдында баршаның теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған реформаларға шолу жасады.

Мобильді топ мүшелері, облыстағы сыбайлас жемқорлық ахуалына қатысты сөз Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл  Ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Бақытжан Мақсұтұлы Ниязов, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының партиялық бақылау инспекторы Қуаныш  Жақсыбайұлы Жарекеев, «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпы ұлттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облысы филиалының директоры Кажденбек Сәдуақасұлы Баймаханов баяндама жасады.

 Мұнан соң сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылған шаралар жөнінде Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Бекишев Әділбек Ерғалиұлы хабарлама жасады.

Кездесу қорытындысында Абзал Сансызбайұлы сыбайлас жемқорлықтың туындауына себеп болатын жағдайлардың бірі - қоғамның өз құқықтарынан білмеуден екенін ескертіп, жұмыс жағдайы мен лауазымын теріс пайдаланушылардан қорғану және олардың арам пиғылдарын жүзеге асырмау саясатын жүргізу туралы, әрбір азаматтың өз конституциялық құқығын білуі мен пайдалануының маңыздылығын атап өтті. 

Әрбір мемлекеттік қызметшінің, азаматтар мен бүкіл қоғамның бірлесе, белсене күресуі ғана жемқорлықсыз, парасыз болашаққа алып келетінін түсіндірді.

 

Б.Орданова,

Түсіндіру жұмыстары басқармасының

бас маманы