Date of publication: 13.03.2018 18:31
Date of changing: 13.03.2018 18:46

            2008 жылғы 10 желтоқсандағы №99-IV Қазақстан Республикасының «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексіне сәйкес, жеке табыс салығы бойынша салық есептілігі жеке тұлғалардың басқа санаттары бойынша Салық кодексінің 67-бабының 6-тармағының талаптарына сай әзірленеді.

            Аталған категорияға мүліктік және басқа да табыстары, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлердегі  шетелдік банктердегі есепшоттарда ақшалары, қозғалмайтын мүлкі, құнды қағаздары және Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде тіркелген заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі бар жеке тұлғалар кіреді.

          Қазақстан Республикасы «Салық кодексінің» 185 бабының 1 тармағына сәйкес, аталған жеке тұлғалар жеке табыс салығы бойынша 240.00 нысанды декларацияны тапсыруға міндетті.

          Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының аумағынан тыс елдерде білім алушы студенттерге қатысты көптеген сұрақтар келіп түсуде. Осыған орай түсіндіреміз, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде оқитын, шет елдік банкте  шәкіртақысы, ата-анасынан материалдық көмек түрінде  түсетін аударымдары және басқа да көздерден ақшалай қаражаттары түсетін есепшоты бар, ҚР аумағынан тыс жерлерде қозғалмайтын мүлікке меншік құқығы бар шет мемлекетте білім алушы студент-резидент  жеке табыс салығы декларациясын   (240.00 СЕН)  тапсыруға  міндетті.

2017 жылға Декларация 2018 жылдың 31 наурызына дейінгі мерзімде тапсырылады.

Сонымен бірге, салықтық есептіліктерді тапсырмағаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 272 бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Және де қосымша хабарлаймыз, жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде өз меншігіндегі мүлкі туралы және шетел банкілеріндегі есеп шоттарындағы ақша туралы мәліметтерді жалтаруы, ҚР салық заңнамасына сәйкес жеке табыс салығы бойынша декларацияда көрсетуге тиісті алайда,  көрсетпеуі  «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 275 бабының 3 бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

Өз кезегінде «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 275 бабының үшінші бөлігінің мақсаттары үшін, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес адамның жеке табыс салығы бойынша декларация тапсырмауы Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде меншік құқығындағы мүлкінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі шетелдік банктердегі банктік шоттарында ақшасының болуы туралы мәліметтерді көрсетпеуіне теңестіріледі.

Барлық сұрақтар бойынша 23-88-10 телефонына хабарласуға болады.

 

Ерлан Аймаханов,

Қызылорда облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаментінің

                               бөлім басшысы