Date of publication: 21.05.2018 17:10
Date of changing: 05.11.2018 18:06

«Виртуалды қойма» модулі !

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Электронды шот-фактуралар ақпараттық жүйесінде электронды түрде шот-фактураларды жазу ережесін бекіту туралы»2018 жылдың 23 ақпанындағы № 270 бұйрығының 4-тармағына сәйкес2018 жылдың 1 сәуірінен бастап «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінің «Виртуалды қоймасы» модулі  тәжірибелі түрде іске қосылды.

Бастапқы кезеңде, бұл функционалдық кедендік әкелу баждарын төмендетілген ставкасын пайдаланушыларға қатысты автокөлік құралдарын сатушы салық төлеушілер үшін қолданылады.

Бүгінгі күнге, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 9 ақпандағы №58 бұйрығына сәйкесаталмыш санатқа көлік құралдарының ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасының 235 кодтары жатады.

Аталмыш шешімге сәйкес тауар Тізімінен көлік құралдарының ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасының 5 коды (8703211091, 8703401091, 8703601091, 8704213904, 8704239905) алынып тасталды.

«Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі (әрі қарай - ЭШФ АЖ) өнімді серверінің құрамына кіретін «Виртуалды қоймасы» модулі келесі сілтеме бойынша орналастырылған: https://esf-vs.gov.kz:8443/esf-web/login.

«Виртуалды қоймасы» модулінде, сондай-ақ API интерфейсінде жұмыс істеу нұсқаулығы келесі сілтемеде орналастырылған: http://kgd.gov.kz/ru/content/api-interfeys-web-prilozheniya-elektronnye-scheta-faktury-s-modulem-virtualnyy-sklad-1.

«Виртуалды қоймасы» модулінде жұмыс жасауға қатысты сұрақтар бойынша –ЭШФ АЖ-нің Қолдау Орталығының media@osdkz.com электронды мекен-жайына немесе +7 (7172) 2 727320 телефон нөміріне хабарласуыңызға болады.

Жоғарыда аталған тауарларды сатып алушы (импорттаушы) және сатушы салық төлеушілер ЭШФ АЖ-не, оның ішінде «Виртуалды қоймасы» модуліне тіркеліп, аталған Модуль арқылы ЭШФ жазу қажет.

 

 

Б.Сүлейменов,

Қызылорда облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаментінің

бас маманы