Date of publication: 19.09.2018 10:25
Date of changing: 19.09.2018 10:25

Бүгінгі таңда, Мемлекеттік кірістер органдарында салық төлеушілердің кірістер органдарының қызметкерлерімен мейлінше жеке байланысын болдырмау үшін, автоматтандырылған және интеллектуалды бағдарламаларды  енгізу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді.

Жаңа Кодекс енгізілген соң, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру сұрақтары бойынша, барлық салық төлеушілерді (салық агенттерін) қызметі төмен, орташа немесе жоғары тәуекел дәрежелері ретінде жіктеу және салықтық әкімшілендіру шараларын дифференциалдау арқылы санаттауды енгізу бойынша жұмыстар жүргізуде.

Салық төлеушінің тәуекелдерді басқару жүйесінің нәтижесі бойынша, қандай дәрежедегі тәуекел дәрежесіне жататыны туралы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 252 бұйрығымен бекітілген  Ережелерге сәйкес, 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап ҚР ҚМ МКК ресми сайтында, салық төлеушілерге жарияланған осындай ақпараттың нәтижелеріне қол жеткізуге рұқсат беру жоспарланған.

Тәуекелдерді басқару жүйесінде пайдаланылатын  құпия болып табылмайтын критерийлер туралы ақпарат, салық төлеушілерге «Салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымшасына жіберілетін болады.

Сонымен бірге, салық төлеушілер, егер қажет болса, «Салық төлеушінің кабинеті» веб-бағдарламасы арқылы, мемлекеттік кіріс органдарына құпия ақпарат болып табылмайтын критерийлерге түсініктеме бере алады. Осыған орай, камералдық бақылау қорытындысы бойынша, анықталған бұзушылықтар туралы хабарламаларға түсініктемені алуға және өңдеуге ҚР ҚМ МКК ақпараттық жүйелерінде, салық төлеушілермен кері байланысты жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру, салық төлеушілерге тәуекелдердің деңгейін төмендету мүмкіндігімен, ақпараттық жүйелерді пайдалануға мүмкіндік береді, бұл мемлекеттік кірістер мамандарымен байланысын жоққа шығарып, сыбайлас жемқорлық көріністерін азайтуға мүмкіндік береді.

 

Ж.Абишева,

Қызылорда облысы бойынша МКД

Адам ресурстары басқармасының

                               бас маманы