Date of publication: 19.09.2018 12:16
Date of changing: 19.09.2018 12:16

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде саяси дамуына қарамастан қазіргі кезде әлемнің барлық елдеріне тән және олардың тек ауқымымен ғана ерекшеленеді. Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындалған. Мемлекеттік қызметшілерді конкурстық іріктеу рәсімдерінің айқындылығы мен объективтілігі, олардың мәртебесіне байланысты шектеулерді сақтау қамтамасыз етілген. Мемлекеттік қызмет туралы заңнамада сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасаған тұлғаларды мемлекеттік қызметке алуға тыйым салатын нормалар көзделген, саяси мемлекеттік қызметкерлерді ротациялау институты енгізілген. Ол халыққа және ұйымдарға тікелей мемлекеттік қызметке кірер алдында сыбайлас  жемқорлық құқық бұзушылығы үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған адамдарды қабылдауға болмайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат өмірдің түрлі салаларына сыбайлас жемқорлықты тудыратын және мемлекеттік қызметшіні сыбайлас жемқорлыққа әрекет жасауға итермелеп, мүмкікдік туғызатын себептер мен жағдайларды барынша азайту жөніндегі мемлекеттің және қоғамның жан – жақты және дәйекті шараларын әзірлеуді және жүзеге асыруды көздейді. Сыбайлас жемқорлық, әсіресе, мемлекеттік билік органдарында қауіпті. Тәжірибе көрсеткендей, сыбайлас жемқорлық мемлекеттік жүйенің біртұтастығын бұзады. Билік беделінің және мемлекеттік қызмет абыройының құлдырауына ықпал етеді. Жемқорлықтың алдын алу тек мемлекет пен оның құқық органдарының ғана тікелей міндеті деген пікірден арылмайынша, сондай – ақ оған қарсы күреске мемлекеттің әрбір азаматы мүмкіндігіне қарай өз үлесін қоспайынша, қандай да бір нәтижеге қол жеткізу  мүмкін емес екендігі анық.

Қорыта айтсақ, сыбайлас жемқорлық сияқты құқық бұзушылықты анықтау, болдырмау, алдын алу қоғамының әрбір азаматының борышы екендігін бағамдап, жүзеге асыруға бет бұрсақ, бұл дерттен арылудың қиын еместігіне көз жеткізуге болады.  

 

А.Жапбасбаева,

Қызылорда облысы бойынша МКД 

бас маманы