Date of publication: 05.11.2018 18:34
Date of changing: 05.11.2018 18:41

Жаңа экспорттық бақылау жүйесінің қалыптасуы

2018 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің бұйрығымен жаңа құрылымдық басқарма Экспорттық бақылау басқармасы құрылды. Осы бұйрық негізінде Қызылорда облысы Мемлекеттік кірістер департаменті бойынша да Экспорттық бақылау басқармасы түзілді.

           Экспорттық бақылау басқармасының негізгі міндеттері мен функциялары Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасына тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы экспорттық бақылауға жататын өнімдердің өткізілуін бақылауды әкімшілдендіру, Қазақстан Республикасы ратификациялаған, баждың төмендетілген мөлшерлемелері, сондай-ақ осындай мөлшерлемелердің мөлшері (тауарлар тізбесіне сәйкес) қолданылатын үшінші елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарларды шығаруға жол бермеу мәселелері жөніндегі халықаралық шарттарды іске асыруда қабылданған Қазақстан Республикасының міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен тауарларды импорттау кезінде қосымша құн салығының толық түсімін қамтамасыз ету, халықаралық уағдаластық базасына сәйкес бюджетке Еуразиялық экономикалық одақта қызмет көрсету болып табылады.

           Осыған орай, сыртқыэкономикалық қызметке қатысушылар мен салық төлеушілер Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде тауарлар айналымының шарттары жөнінде туындаған сұрақтары мен мәселелері туралы Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Экспорттық бақылау басқармасынан, мына көрсетілген мекен-жай бойынша толық ақпарат алу мүмкіндігі қарастырылғандығын хабарлайды: Қызылорда қаласы, Абай даңғылы 64 «г», №211 кабинет, телефон 8-72-42-23-50-54.  

 

       Экспорттық бақылау

                                                                    басқармасының басшысы                                                              К. Стамбекова