Date of publication: 14.11.2018 11:35
Date of changing: 14.11.2018 11:37

Назар аударыңыз, Сіздің салық берешегіңіз бойынша хабарлама автоматты түрде қалыптасады!

 

        Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасының Біріктірілген салықтық ақпараттық жүйесінде жеке тұлғалардың 2018 жылдың 1 қазанынан бастап пайда болған салық берешегі бойынша хабарламаларын автоматты түрде қалыптастыратын режимі іске қосылғандығын және салық төлеушілерге электрондық канал бойынша да жолданатынын хабарлайды.

       Осыған орай, хабарламаны орындау мерзімін өткізіп алмас үшін электрондық санды қолтанбасы бар (ЭСҚ) жеке тұлғаларға «Салық төлеуші кабинеті» көмегімен тексеріп, Хабарлама бар болған жағдайда салықтық берешегін өтеу қажеттігін мәлімдейді.

        Егер, жеке тұлға 1 еселенген айлық есептік көрсеткіштен (2018ж.- 2 405 теңге) астам мөлшерде салық берешегін төлемеген немесе толық төлемеген жағдайларда салық органы Хабарлама тапсырылған күннен бастап отыз жұмыс күні өткеннен кейін "Жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрығын " шығарады және жеке тұлғаға жібереді.

        Электрондық салық төлеуші ретінде тіркелген жеке тұлғалар Хабарлама мен Салық бұйрығын салық төлеушінің кабинеті арқылы электрондық арна арқылы алады.

       Жеке тұлға салық берешегін өтемеген кезде салық органы жеке тұлғаға салық бұйрығы тапсырылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, мұндай Салық бұйрығын Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен мәжбүрлеп орындату үшін атқарушылық іс жүргізу органдарына жібереді.

       Егер хабарламамен келіспеген жағдайда rzharkinbekuli@taxkzil.mgd.kz немесе kjensikbaeva@taxkzil.mgd.kz  электрондық поштасына жүгіне аласыз.

 

Қызылорда облысы бойынша МКД

Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасы

238830