Date of publication: 14.11.2018 11:39
Date of changing: 14.11.2018 11:44

Көлік салығын төлеу мерзімі келді!

           Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жеке тұлғалардың 2018 жылға көлік құралдары бойынша салықтарын 2018 жылдың 31-желтоқсанынан кешіктірмей төлеу қажеттігін ескертеді.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz сайтында орналасқан «Электрондық сервистар» / «Калькуляторлар» бөлімінде «Көлік құралдары салығы бойынша есеп-қисабы» сервисі арқылы 2018 жылдың көлік салығының сомасын есептеуге мүмкіндік қарастырылғанына назарларыңызды аударамыз.

 

Қызылорда облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаменті

238830