Date of publication: 14.11.2018 12:15
Date of changing: 14.11.2018 12:30

Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі

 

Мынадай шарттарға сай келетін шағын бизнес субъектілері:

 Заңды тұлғалар үшін:

o   Қызметкерлердің шекті орташа тізімдік саны салық кезеңі ішінде 30 адамнан аспайтын болса;

o    Салық кезеңі ішінде шекті табысы ең төменгі жалақының 2 044 еселенген мөлшерінен              (57 812 496 теңгеден) аспайтын болса;

o    Салық кезеңі жарты жылдық болып табылады.

  • Оңайлатылған декларация салық төлеушінің тұрған жеріндегі салық органына есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірілмей тапсырылады.
  • Оңайлатылған декларацияда көрсетілген салықтарды бюджетке төлеу жеке (корпоративтік) табыс салығы мен әлеуметтiк салық түрiнде есепті салықтық кезеңнен кейiнгi екінші айдың 25-күнінен кешіктірілмей жүргiзiледi.
          Бұл ретте жеке (корпоративтік) табыс салығы – оңайлатылған декларация бойынша есептелген салық сомасының 1/2 мөлшерiнде, әлеуметтiк салық "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар сомасын шегергендегі оңайлатылған декларация бойынша есептелген салық сомасының 1/2 мөлшерiнде төленуге жатады.
          Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар сомасы әлеуметтiк салық сомасынан асып кеткен кезде әлеуметтiк салық сомасы нөлге тең деп есептеледі.
  • Оңайлатылған декларацияда төлем көзінен ұстап қалатын жеке табыс салығының және әлеуметтік төлемдердің бюджетке төленуге жататын сомалары көрсетіледі.