Date of publication: 29.11.2018 10:10
Date of changing: 29.11.2018 10:11

        Қызылорда қалалық №2 соты азамат А.-ға қатысты  үкім шығарды. Мемлекеттік органның лауазымды тұлғасына пара беру әрекеті үшін бұл азамат   1 жылға бас бостандығынан  шектеліп, өмір бойы мемлекеттік органдарда қызмет ету құқығынан айрылды.

         Осындай  жаза  оған Қызылорда қаласының территориясында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыруға қамқоршылық жасау үшін мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасына пара бермек болғаны үшін тағайындалды.

         Азамат А. үстіміздегі жылдың шілде айында Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Экономикалық тергеу қызметінің қызметкеріне 250 000 теңге көлемінде пара беру кезінде ұсталған. Департаменттің Ішкі қауіпсіздік басқармасымен анықталған бұл әрекет Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 307 бабы 2 бөлімі, 2 тармағы және 367 бабы 2 бөлімімен тергеліп, сотқа жолданған болатын.

        Пара беру – жазасы ауыр қылмыстық әрекет, ол үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айрылу және мүлкін тәркілеу жауапкершілігі қаралған.

 

Б.Орданова,

Қызылорда облысы бойынша МКД

бас маманы