Date of publication: 11.01.2019 12:51
Date of changing: 11.01.2019 12:53

Экспорттық бақылау көлеңкелі бизнеске тосқауыл

           2018 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің бұйрығымен жаңа құрылым Экспорттық бақылау басқармасы құрылды. Осы бұйрық негізінде Қызылорда облысы Мемлекеттік кірістер департаменті бойынша да Экспорттық бақылау басқармасы түзілді.

           Экспорттық бақылау басқармасының құзыретіне мына негізгі функциялар кіреді:

         1) Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі–ЕАЭО) мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы экспорттық бақылауға жататын өнімдердің өтуін бақылау;

         2) Төмендетілген баж мөлшерлемелері бойынша, сонымен қатар осындай мөлшерлемелердің мөлшері қолданылатын Қазақстан Республикасы аумағына үшінші елдерден әкелінген тауарлардың шығуын болдырмауын бақылауды ұйымдастыру (бұдан әрі – Тізбедегі тауарлар);

3) ЕАЭО-та жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету,тауарларды сату кезінде импортқа ҚҚС түсімін қамтамасыз ету;

Ағымдағы жылдың 9 қазанында  «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен шектеспейтін  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында бақылауды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі-ҚР ҚМ МКК) мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің (бұдан әрі- ҚР ҰҚК ШҚ) өзара іс-қимыл тәртібін бекіту туралы» ҚР ҚМ МКК төрағасының 2018 жылғы 31 мамырдағы № 221 және ҚР ҰҚК Шекара қызметі директорының 2018 жылғы 6 маусымдағы № 405-ПА бірлескен бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйрық күшіне енді.

         Осы бұйрықтың нормасы негізінде, басқарманың негізгі міндеттерінің бірі ЕАЭО-қа мүше мемлекеттердің аумағына Мемлекеттік шекара арқылы Тізбедегі тауарлардың шығу мониторингін жүргізу болып табылады.

Бұйрық негізінде, ҚР ҰҚК ШҚ шекаралық құрылымдары ҚР ҚМ МКК аумақтық органдарын жүктер мен тауарларға мынадай құжаттардың бірін алуға көмек көрсетеді: халықаралық тауар-көліктік жүкқұжаттары (CMR), тауар-көліктік жүкқұжатты, жүк, оның жөнелтушісі және алушысы туралы мәліметті қамтитын өзге де құжатты алуға.

Яғни,  Мемлекеттік шекара арқылы өткізілетін барлық жүктер мен тауарларға қатысты мониторинг бойынша, ҚР ҰҚК ШҚ шекаралық құрылымдарының лауазымды тұлғасы ҚР ҚМ МКК аумақтық органдары құрылымдық бөлімшелерінің лауазымды тұлғасына жоғарыда көрсетілген тауарға ілеспе құжаттарды береді.

         Өз кезегінде, ҚР ҚМ МКК аумақтық органдары құрылымдық бөлімшелерінің лауазымды тұлғасы осындай тауарға ілеспе құжатты скань арқылы өткізеді және ҚР ҰҚК ШҚ шекаралық құрылымдарының лауазымды тұлғасына қайтадан береді.

Өткізілген тауарлар бойынша сканерленген деректер салық төлеушінің тұрған жері бойынша Мемлекеттік кірістер органдарына жолданады.

           Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кодексінің 438 бабына сәйкес, тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импорттайтын тұлғалар қосылған құн салығын төлеушілер болып табылады. Осыған орай, ЕАЭО мемлекеттерінен импортталатын тауарлардан түсетін қосымша құн салығының көлеңкелі тұстарын азайту мақсатында, экспорттық бақылау басқармасының қызметкерлері ЕАЭО мемлекеттерімен шекаралас бөліктерінде елімізге импортталып жатқан тауарларды есепке алып, түсімнің түсуін қадағалайды.

         Сонымен бірге, сыртқыэкономикалық қызметке қатысушылар мен салық төлеушілер Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде тауарлар айналымының шарттары жөнінде туындаған сұрақтары мен мәселелері туралы Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Экспорттық бақылау басқармасынан, мына көрсетілген мекен-жай бойынша толық ақпарат алу мүмкіндігі қарастырылғандығын хабарлайды: Қызылорда қаласы, Абай даңғылы 64 «г», №211 кабинет, телефон 8-72-42-23-50-54.

 

К.Стамбекова,

Қызылорда облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаментінің

басқарма басшысы