Date of publication: 14.01.2019 15:48
Date of changing: 14.01.2019 15:48

Жемқорлық қоғамының барлық саласына – экономикаға, әлеуметтік салаға, саясатқа іріткі салуға ықпал етеді, ал оның осы көріністерден туындайтын жағымсыз зардаптары алға басқан қоғамның дамуына бөгет болады, сонымен бірге ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне де нақты қатер төндіреді. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас  жемқорлықпен күрес туралы»Заңы адамдардың құқығы мен бостандыгын қорғауға, Қазақстан Республикасынын ұлттық  қауіпсіздігін жемқорлық көріністерден туындайтын қатерден қамсыздандыруға, мемлекеттік функцияларды атқарып отырған мемлкеттік органдар, лауазымды және басқа тұлғалар, сондай- ақ, оларға теңестірілгендердің қызмет тиімділігі қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықтарды ескерту, анықтау, жолын кесу және ашу жолдарымен зардаптарын жойып, кінәлілерді жауапкершілікке тартуға бағытталған, сыйбайлас  жемқорлықпен күрестің басты принциптерін, жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтардың түрлерін, сондай – ақ,  жауапкершілік жағдайларын белгілейді. Бүгінгі таңда біздің республикада барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар, заңға сәйкес, өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлықпен күресті жүргізуге міндетті.

Жаңақорған ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Мемлекеттің экономикалық саласының бір тармағы ретінде   сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске баса көңіл аударып отыр. Осы жағдайлармен күрестің тиімді нәтижесі Мемлекеттік кіріс қызметі органдарында жемқорлық құқық бұзушылықтарды бұлтартпау және оны болдырмау жөнінде кешенді шаралар қабылдауды талап етеді. Осы орайда біздің басқармада сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселері бойынша жұмыс істейтін комиссия мүшелерінің қатысумен жиындар өтіп, құқық қорғау органдарымен ынтымақтасып, өзара іс – қимыл әрекеттері жандандырылуда. Сонымен қатар басқармада салық төлеушілер үшін семинарлар, кездесулер, «дөңгелек үстел» жиындар өткізу, БАҚ – та материалдар жариялау арқылы түсіндірме жұмыстары дәстүрлі түрде жүргізіледі.

Жалпы, қоғамдағы қандайда болсын келеңсіздіктің алдын алуды әрбір азамат өзінен бастаған жөн. Барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзыретінің шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті. Жалпы, ертеңі үшін елеңдейтін әрбір саналы азамат жемқорлықты ауыздықтау ісінде өзінің жеке үлесін қосқаны абзал.

 

К.Примбетова,

Жаңақорған ауданы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасының

     бас маманы