Date of publication: 15.02.2019 15:48
Date of changing: 15.02.2019 15:49

«Виртуалды қойма» модуліне қатысты тауарлар тізбесіне өзгерістер енгізілді

         «Әкелу кедендiк бажы қолданылатын тауарлар тiзбесiн, мөлшерлемелер көлемiн және олардың қолданылу мерзiмiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 9 ақпандағы № 58 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 19 желтоқсандағы № 105 бұйрығы 2019 жылдың  5 қаңтарынан бастап күшіне енгізілді.

        Аталмыш шешімге байланысты тауар Тізімінен ЕАЭО көлік құралдарының сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасы (бұдан әрі - СЭҚ  ТН) 12 коды (8703701091, 8703605998, 8703605991, 8703605921, 8703501091, 8703405998, 8703405991, 8703405921, 8703311090, 8703231989, 8703231981, 8703231940) алынып тасталды және 1 СЭҚ ТН коды қосылды (8704101019).

        Жоғарыда айтылғанды екере отыра, 2019 жылдың 5 қаңтарынан бастап Виртуалды қойма модулін пайдалану міндеті автокөліктік құралдарының 224 СЭҚ ТН кодтарына тарайды.

       Алайда 12 алынып тасталған автокөліктік құралдар СЭҚ ТН кодтары бойынша айналым өткізу күні 2018 жылдың желтоқсанында болған жағдайда электрондық шот-фактураларды жіберу үрдісі «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінің Виртуалды қойма модулі арқылы өтетіндігін ескерген жөн.

       Алынып тасталған 12 автокөліктік құралдар СЭҚ ТН кодтары бойынша айналым жасау үшін Жіберуші Виртуалды қойма модулінде келесі әрекеттер жасауы тиіс:

1)  Бөлінбеген қоймада орналасқан автокөліктік құралдар бойынша

- «Ішкі қозғалыс» формасында «Құжат күні» өрісінде тауарды қозғалтуға негіз болатын құжат күнін көрсету қажет. Алайда көрсетілген құжат күні 12 СЭҚ ТН ЕАЭО кодтарының алынып тасталған күнінен ерте болуы қажет, яғни   2019 жылдың 5 қаңтарына дейін;

- автокөліктік құралды қоймадан таңдап электрондық шот-фактура жасау;

2) Айналыс жасалмаған автокөліктік құралдар бойынша

- «Қалдықтарды енгізу» формасында «Құжат күні» өрісінде тауарды физикалық қоймаға орналастыруға негіз болатын құжат күнін көрету қажет. Алайда көретілген құжат күні 12 СЭҚ ТН ЕАЭО кодтарының алынып тасталған күнінен ерте болуы қажет, яғни 2019 жылдың 5 қаңтарына дейін;

- автокөліктік құралды қоймадан таңдап электрондық шот-фактура жасау.

       Оған қоса 12 алынып тасталған СЭҚ ТН кодтары бойынша автокөліктік құралдарды Қабылдаушылар Виртуалды қойма модулінде бұл тауарларды «Есептен шығару» формасы арқылы «Бұл СЭҚ ТН коды бар тауарларға «Виртуалды қойма модулі» жүргізілмейді» себебін көрсете отыра есептен шығару тиіс екенін хабарлаймыз.

 

К.Стамбекова,

Экспорттық бақылау басқармасының басшысы