Date of publication: 13.05.2019 19:20
Date of changing: 13.05.2019 19:20

      Үстіміздегі жылдың 1 мамыр – 8 тамыз айлары аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті фискалдық деректер операторымен бірлесіп Республика бойынша «Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясы жариялады. Аталынған Акция жергілікті жерлерде де жүргізілуде. Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 8 мамырында аталынған Акция аясындағы студент жастардың флэш-мобы  «Aray citymаll» мега орталығында өткізілді. 

          Флэш-мобтың алғы сөзі ретінде сөз сөйлеген мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы Жақсылық Бабасов «Aray citymаll» мега орталыққа жиналған қауымды Рамазан айымен және Жеңістің 74 жылдығымен құттықтап, өткізіліп жатқан Акцияның мақсатымен таныстырды.

    Акцияны өткізудің мақсаты азаматтық белсенділікті арттыру, азаматтардың тауар, жұмыс және қызмет тұтынушысы ретіндегі өз мүдделерін қорғау бойынша құқықтық мәдениетін қалыптастыру, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту болып табылады.

  «Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» кең ауқымды республикалық акциясына кез келген тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде Онлайн БКМ чектерін алған Қазақстанның жасы 18-ден жоғары азаматтары қатыса алады.

   Қатысушы және чек туралы мәліметтерді тіркейтін «Таңдау» тегін мобильді қосымшасы App Store,Google Play market-те қолжетімді.

   Акция шарттары бойынша чектің берілген күні мен уақыты ұтыс ойыны басталған күннен ерте болмауы тиіс. Бір қатысушы тіркейтін чектер саны шектелмеген.

    Акция кезінде Қазақстанның әрбір азаматы кез келген затты сатып алу немесе ақылы қызметті қолдану кезінде смартфон ұтып алу мүмкіндігіне ие болады. Акцияға қатысушылар арасында күн сайын смартфон, яғни 100 күн ішінде 100 смартфон ойнатылады.

     Акцияға қатысу үшін тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшін төленген сомаға берілетін чектерді «Таңдау» мобильдік қосымшасында тіркесе болды. Акцияға тек деректерді тіркеу және немесе беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналардың  (Онлайн БКМ) чектері қатысады.

             Акцияға қатысушылар мұнан кейін «Қорқыт Ата» атындағы Қызылорда  мемлекеттік университетінің студенттерінің осы акцияға арнайы дайындалған «флэш-мобын» қызықтады.

             Өткізілген шара барысында «Aray city moll» мега орталығына келген тұтынушыларға студент жастар 500-ден аса «Таңдау» мобильдік қосымшасын пайдалану тәртібін түсіндіретін буклеттерді таратты.

 

                                 Ж. Бабасов,  

                                                                                            Қызылорда облысы бойынша

                                                                                            мемлекеттік кірістер департаментінің                                                                                              бөлім басшысы