Date of publication: 17.06.2019 18:26
Date of changing: 17.06.2019 18:26

Барлық бизнес процесстерді цифрландыру соңғы кезде әлемдік трендке айналуда және осы тенденцияны мемлекеттік кірістер органдары да тиімді қолданып отыр.

Бизнес процесстерді оңтайландыру  сыбайлас жемқорлық көріністерін  төмендетіп, әкімшілік кедергілерді азайтады.

Осы бағытта  алкоголь өнімдерін көтерме және бөлшек саудада өткізуге лицензия алу бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметке де өзгерістер енгізілді.

Алкоголь өнімдерін көтерме және бөлшек саудада өткізуге лицензия алу кезінде,  сауда объектісінің техникалық құжаты және ылғалдылық анықтайтын құрылғылардың құжаттарын ұсыну қысқартылды және сәйкестендіру талаптарын анықтау үшін тексеру жүргізілмейді.

Лицензиаттың лицензия алғаннан кейін мемлекеттік кірістер органдарында тіркеуге тұру міндеттемесі жойылып, «Бір терезе» қағидасымен кірістер органдарымен сауда объектісі орналасқан жері бойынша автоматты түрде тіркеледі.

Қазіргі таңда, Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментімен көрсетілетін алкоголь өнімдерін көтерме және бөлшек саудада өткізуге лицензия беру бойынша мемлекеттік қызмет 100 пайыз электронды форматта жүргізіліп отыр.

Жоғарыда көрсетілген өзгерістер, сыбайлас жемқорлық көріністерін төмендетумен бірге кәсіпкерлік субъектілерінің дамуына жаңа қарқын береді.

         Кәсіпкердің  еліміздің кез-келген аумағында  интернетке қолжетімді жерден, үйден шықпай-ақ «Электрондық үкімет» веб-порталы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» Республикалық мемлекеттік кәсіпорыны арқылы құжаттарды жолдап, дайын шығыс құжатын алуға мүмкіндігі бар. Бұл ретте,  халық­тың уақыты үнемделіп, қағаз­бас­тылық азай­ған.

Әсіресе, бұл мүмкіндік шалғайда орналасқан елді мекендер мен ауылдағы кәсіпкерлік субъектілеріне  қолайлы болып отыр.

 

Қ.Айтбаев,

Қызылорда облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаментінің

 бөлім басшысы