Date of publication: 06.03.2015 09:53
Date of changing: 13.10.2022 12:17

 

 

Аманов Ғани Мырзағабылұлы

 Қызылорда облысы бойынша

 Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы

 

Туған жылы: 22 сәуір 1979 жылы.

Туған жері: Қазақстан Республикасы Қызылорда облысы Қазалы ауданында дүниеге келген.

Ұлты: қазақ.

Білімі:

1996 жылы Алматы су шаруашылық техникумы, мамандығы «бухгалтер»; 

2000 жылы Аль-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік  Ұлттық университеті, мамандығы  «құқықтану»;

2002 жылы Аль-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік  Ұлттық университетін «құқықтану» магистрі;

2019 жылы Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, мамандығы «мемлекеттік және жергілікті басқару».

Еңбек жолы:

27.01.2003 - 21.08.2006 жылдары Алматы облысы бойынша Салық комитеті заң бөлімінің бас маман, бөлім басшы лауазымдарында қызмет атқарған;  

22.08.2006 – 03.08.2008 ж. Алматы облысы Көксу ауданы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары,

04.08.2008 - 29.04.2009 ж. Алматы облысы бойынша Салық департаменті ведомстволық бақылау басқармасының бастығы;   

30.04.2009 - 15.10.2009 ж. Алматы облысы бойынша Салық департаменті бастығының орынбасары;

16.10.2009 - 17.01.2010 ж. Астана қаласы "Астана-жаңа қала" Салық департаменті бастығының орынбасары;

18.01.2010 - 29.12.2010 ж. Алматы қаласы бойынша Салық департаменті ведомстволық бақылау басқармасының бастығы;

30.12.2010 - 17.03.2014 ж. Алматы қаласы бойынша Салық департаменті бастығының орынбасары;

18.03.2014 - 12.10.2014 ж. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің адам ресурстары және салық қызметі органдарын жаңғырту басқармасының басшысы;

13.10.2014 - 02.09.2015 ж. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің адами ресурстар басқармасы басшысының орынбасары;

03.09.2015 - 28.11.2018 ж. "Астана ЭКСПО 2017" корпоративтік қорының Бас директоры;

 28.11.2018 - 15.06.2021 ж. "Bolashaq Investment LTD" жеке компаниясының атқарушы директоры;

 16.06.2021 - 03.10.2021  ж. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Кадр және ішкі әкімшілендіру департаменті Төраға хатшылығы басқарма басшысы;

 04.10.2021 - 11.10.2022 ж. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Кадр және ішкі әкімшілендіру департаментінің директоры;

11.10.2022 – осы уақытта Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы лауазымында қызмет атқарады.

Отбасылы, 4 бала тәрбиелеп отыр.

 

 

 

 

Бекішев Әділбек Ерғалиұлы

 Қызылорда облысы бойынша  Мемлекеттік кірістер департаменті

 басшысының орынбасары

 

19 ақпан 1970 жылы  Қызылорда қаласында дүниеге келген.

Білімі, мамандығы:

1993 жыл  - Қарағанды мемлекеттік университеті, қаржы және несие, экономист.

Еңбек жолы:

Қызылорда қаласы бойынша салық инспециясының І категория маманы, салық инспекторы, аға салық инспекторы, бас салық инспекторы, бөлім басшысының орынбасары (09/1993 – 04/1999);

 - Қызылорда облысы бойынша Салық комитетінің сектор меңгерушісі, бас маман, бөлім басшысы,  басқарма басшысы, төраға орынбасары  (04/1999 – 07/2008);

- зҚызылорда облысы бойынша Салық департаментінің (07/2008 – 11/2014);

- Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы (11.2014 – 07/2019);

Мемлекеттiк наградалары, құрметтi атақтары:

 

«Қызылорда облысына 70 жыл» мерекелік медалі (2009ж.)

«Қызылорда қаласына 190 жыл» мерекелік медалі (2009ж.)

«Салық қызметінің үздігі» атағының иегері (2015ж.)

 «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалі  (2015 ж.)

  

 

Бекшин Қуанышбек Махметұлы

 Қызылорда облысы бойынша  Мемлекеттік кірістер департаменті

 басшысының орынбасары

Бекшин Қуанышбек Махметұлы, 1969 жылы туылған, қазақ, білімі жоғары, 1994 жылы Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін  тарих және әлеуметтік-саяси пәндер мамандығы бойынша бітірген. 1999 жылы   Қарағанды экономикалық университетін экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1994 жылы Қарағанды облысының Кеден департаментінде бастады. 2002 жылдың қараша айына дейін инспектордан Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Кеден департаментінің кедендік ресімдеу және кедендік бақылау департаментінің бастығына дейін түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2002  жылы  Қарағанды облысы бойынша Кеден басқармасы кедендік рәсімдеу және кедендік бақылау бөлімінің басшысы;

2003 жылы Қарағанды облысы бойынша Кеден басқармасы  «Қарағанды-КРО» кеден бекетінің басшысы, Қарағанды облысы бойынша Кеден бақылау департаменті  басшысының орынбасары;

2004 жылы ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитетінің «Ұлытау» кеден басшысы;

2008  жылы «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС «Қарағанды цветмет» филиалының  директоры;

2010 жылы Қарағанды қаласының «Кәсіпкерлік бөлімі» ММ  басшысы;

2012 жылы «Интерстройсервис» ЖШС бас директорының көмекшісі;

2014 жылы Қарағанды ​​облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің «Балқаш» кеден бекетінің жетекші маманы, Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті "Қарағанды - кедендік рәсімдеу орталығы" кеден бекеті бас маманының міндетін атқарушы;

2015 жылы ҚР ҚМ МКК Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Кедендік бақылау басқармасы кедендік құн бөлімінің бас маманы;

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік  кірістер  департаментінің Кедендік  бақылау  басқармасы  тауарларды жеткізуді бақылау бөлімінің  басшысы;

2017 жылдың маусым айынан 2021 жылдың қарашасына дейін  ҚР ҚМ  МКК Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының  орынбасары;

2021 жылғы 1 қарашадан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті, Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының  орынбасары.