Date of publication: 20.03.2015 19:15
Date of changing: 14.11.2018 16:50

Көлік салығына қатысты

 

Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 494-бабына сәйкес жеке тұлғалардың көлік құралдары салығы бойынша салық төлеу мерзімі 31 желтоқсанына дейін екендігін ескертеміз. 

Көлік салығын төлеу мерзімінен асып кеткен жағдайда төлеу мерзімінен кейінгі әр күнге ҚР Ұлттық банк бекіткен қайта қаржыландырудың ресми бағамының 1,25 % мөлшерінде өсімақы есептелініп, Салық кодексінің 128-бабына сәйкес заң жүзінде шаралар қолданылып, салық төлеушіден салық берешегін мәжбүрлеп өндіру үшін жеке сот орындаушыларға жолданады.

Сот орындаушылардың өндірісіне алынған салық бұйрықтары арқылы салықтан берешігі бар азаматтардың ҚР аумағынан сыртқа шығуға тиым салынып, сонымен қатар жеке мүлкіне ауыртпалық қойылып, банк счеттарына да шектеу қойылатындығын, ай сайын алатын зейнетақысынан, жалақысынан өндірілетіндігін ескертеміз.

Салық төлеу әрбір Қазақстан Республикасы азаматының міндеті екенін ескерте отырып, барлық қала тұрғындарын белсенді түрде салықтары бойынша есеп айырысуға шақырамыз.

Туындаған сұрақтар бойынша және берешектері жайлы мәліметті  Қызылорда қаласы Мемлекеттік кірістер басқармасынан Қызылорда қаласы, Абай даңғылы 64 «Г»  мекен-жайы арқылы алуға болатындығын хабарлайды. 

 

 

Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы

Алпысбайулы К.

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасында 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін шығарылған (жасалған немесе құрастырылған) немесе Қазақстан Республикасының аумағына 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін әкелінген, қозғалтқышының көлемі 3000 текше сантиметрден жоғары жеңіл автомобильдер үшін салықты есептеу айлық есептiк көрсеткiштермен белгiленген мынадай мөлшерлемелер бойынша жүргiзiледi:

Салық салу объектісі

Салық мөлшерлемесі
(айлық есептік көрсеткіш)

Қозғалтқышының көлемі мынадай жеңіл автомобильдер (текше см.):

3 000-нан жоғары 3 200-ді қоса алғанда

35

3 200-ден жоғары 3 500-ді қоса алғанда

46

3 500-ден жоғары 4 000-ды қоса алғанда

66

4 000-нан жоғары 5 000-ды қоса алғанда

130

5 000-нан жоғары

200