Date of publication: 20.03.2015 19:37
Date of changing: 14.11.2018 18:19

Электрондық нысандағы шот-фактураны жазып беру міндеттілігі

  2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексінің 412 бабына сәйкес, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде электрондық нысандағы шот-фактураларды (бұдан әрі – ЭШФ) жазып беру келесі салық төлеушілерде пайда болады:

  1. ҚҚС төлеушілер;
  2. ҚҚС төлеуші болып табылмайтын комиссионерлер;
  3. ҚҚС төлеуші болып табылмайтын экспедиторлар;
  4. Импортталған тауарлар өткізген салық төлеушілер;

Шот-фактура электрондық нысанда  электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде жазылып беріледі және  электронды сандық қолтаңбамен расталады.                                                                                           

Ұлттық куәландыру орталығының сертификаттарына электронды сандық қолтаңба алуды электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде түпнұсқаландыру (авторландыру) үшін, сондай-ақ ЭШФ-ға қол қою үшін Қызылорда облысының халыққа қызмет көрсету орталықтарында (ХҚО) орналасқан Ұлттық куәландыру орталығының тіркеу орталықтарына жүгіну қажет.

                                                                                                          Қызылорда облысы бойынша

                                                                         Мемлекеттік кірістер департаменті

 

Электрондық нысандағы шот-фактураны жазып беру міндеттілігі

  2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексінің 412 бабына сәйкес, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде электрондық нысандағы шот-фактураларды (бұдан әрі – ЭШФ) жазып беру келесі салық төлеушілерде пайда болады:

  1. ҚҚС төлеушілер;
  2. ҚҚС төлеуші болып табылмайтын комиссионерлер;
  3. ҚҚС төлеуші болып табылмайтын экспедиторлар;
  4. Импортталған тауарлар өткізген салық төлеушілер;

Шот-фактура электрондық нысанда  электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде жазылып беріледі және  электронды сандық қолтаңбамен расталады.                                                                                           

Ұлттық куәландыру орталығының сертификаттарына электронды сандық қолтаңба алуды электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде түпнұсқаландыру (авторландыру) үшін, сондай-ақ ЭШФ-ға қол қою үшін Қызылорда облысының халыққа қызмет көрсету орталықтарында (ХҚО) орналасқан Ұлттық куәландыру орталығының тіркеу орталықтарына жүгіну қажет.

                                                                                                          Қызылорда облысы бойынша

                                                                         Мемлекеттік кірістер департаменті

Электрондық  шот-фактура  жазудың  міндеттілігі туралы. 17.01.2017 ж.

 

            Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) мүше болып қабылдануына байланысты, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу мен олардың айналымының кейбір мәселелері туралы Хаттамаға (бұдан әрі-Хаттама) қол қойылды, сонымен қатар ілеспе құжаттарды растау рәсімін жүргізу барысында мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаларының өз-ара  іс-қимыл Регламенті бекітілген.

          Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2015 жылғы 14 қазандағы №59 Шешімімен төмендетілген кедендік баж ставкасы қолданылатын тауарлар Тізбесі  (әрі қарай – Алып қою тауарлары) бекітілді.

Аталған Тізбе kgd.gov.kz. сайтында орналастырылған.

Хаттаманы жүзеге асыру мақсатында және ҚР Хаттама міндетін орындау үшін қолданыстағы ақпараттық жүйесінде  мынадай шарттарды орындаумен  «Электронды шот-фактура» тауарларды есепке алу жүйесі құралды:

ҚР аумағына тауарларды әкелген кезде:

Кедендік декларацияны ресімдеудің екі түрі бойынша міндетті талаптар:

- декларация нөмірінде ЕАЭО КБТ баждары мөлшерлемелерінің негізінде төленуі «0» белгісімен;

- декларация нөмірінде ДСҰ баждары мөлшерлемелерінің негізінде төленуі «1» белгісімен;

Тізбедегі тауарларды сату кезінде (Қазақстанда, осы және экспорт кезінде):

- үшінші елдерден әкелінген, тауар декларациясының нөмірін көрсетіп ЭШФ міндетті түрде ресімдеу;

- ЕАЭО мүше мемлекеттер аумағынан әкелінген, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінінштің нөмерін көрсетіп ЭШФ міндетті түрде ресімдеу (Өтініш);

- Қазақстанда жасалған, тауардың пайда болуы туралы куәліктің нөмерін көрсетіп (СТ-1)/СТ-KZ, ЭШФ міндетті түрде ресімдеу.

             Сонымен бірге, 12.08.2016 ж. № 5 Еуразиялық Үкімет аралық Кеңес Шешіміне сәйкес Тізбеге енгізілген тауарларды Қазақстан Республикасы аумағынан басқа ЕАЭО мүше мемлекеттер аумағына өткізу кезінде, тауарға ілеспе құжаттардың орнына осы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті органдарының мөрімен куәландырылған қағаздағы электронды шот-фактура көшірмесі болып танылады, сонымен қатар мына құжаттардың бірімен ілеседі:

1)   кедендік декларация көшірмесі,  ҚР ҚМ МКО мөрімен куәландырылған – бұрын үшінші елдерден ЕАЭО БКТ бажы мөлшерімен әкелінген тауарларды өткізу кезінде;

2)   тауардың пайда болуы туралы куәліктің СТ-1 нысана түпнұсқасы – Қазақстанда жасалған тауарларды өткізу кезінде;

3)  тауардың пайда болуы туралы куәліктің СТ-KZ нысанасы – еркін экономикалық аймақта және еркін қоймада жасалған тауарларды өткізу кезінде;

4)  тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің көшірмесі – бұрын басқа  ЕАЭО мүше мемлекеттер аумағынан әкелінген тауарларды өткізу кезінде;

        Осы уақытта Ресей Федерациясы салық органдарымен Алып қою тауарларды, тауарға ілеспе құжаттарсыз әкелуді болдырмау  мақсатында тауарларды  жоюды жүзеге асыратын нормативтік құқықтық акті дайындау жұмыстары жүргізіліп жатқандығы туралы естеріңізге саламыз.

         Сонымен қатар  30.11.2016ж. ҚР 26-VI Заңнамасына сәйкес ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексіне өзгеріс енгізілуіне байланысты, атап айтқанда Салық кодексінің 263 бабының 2 тармағына сәйкес электронды шот-фактураны электронды түрде жазуға міндеттілер:

2) Халықаралық келiсiм- шарттарды iске асыру мақсатында Қазақстан республикасымен қабылданған  нормативтiк құқықтық актіде  ескерiлген жағдайлар бойынша, яғни  Алып қою тауарларының айналымын жүзеге асыратын  салық төлеушiлер.

         Сонымен қатар  Әкелiм кеден баждарының төмендетiлген мөлшерлемелерi бойынша төленген тауарлар  кеден тазартуынан өткеннен кейін шартты түрде шығарылған тауарлар болып есептеледі және ЕАЭО мүше мемлекеттерге шығаруға тыйым салынатындығын назарларыңызға жеткіземіз.

 

                           Қызылорда облысы бойынша МКД бас маманы

                           М. Сырғабаева

 

 

Электрондық шот-фактураларды енгізу

        2014 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасында ерікті түрде шот-фактураларды рәсімдеуді электрондық жүйеде жүргізу мүмкіндігі ендірілді. Электрондық шот-фактура жүйесін қолдану тегін жүзеге асырылады. Шот-фактураны электрондық түрде жазу үшін міндетті түрде электрондық шот-фактура жүйесіне тіркелу қажет. Электрондық шот-фактураны жазу ҚР Қаржы Министрлігінің қазынашылық Комитеті оператор болып табылатын электрондық шот-фактура ақпараттық жүйесінде (ЭШФ АЖ) жүзеге асырылады.  

   Бір шот-фактураны қағаз тасығышта да, сондай-ақ электрондық түрде де жазып берген жағдайда, түпнұсқа (төлнұсқа) болып ЭШФ АЖ-ға қамтылған құжат табылады. ЭШФ-нің қағаз тасығышта немесе электрондық түрде көшірмелері болуы мүмкін.

 

ЭШФ-ны жазудағы артықшылықтар

 

  • Қағаз тасығышта шот-фактуралардың  жазып беру мерзімі 7 күн болса,  ЭШФ жазып беру мерзімі  15 күнге ұлғайтылған.
  • ЭШФ-ны шетел валютасында жазып беру мүмкіндігі.
  • Өз қызметкерлеріне шот-фактураларды жазу бойынша құқықтарды табыстау мүмкіндігі.
  • Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері жазып берген ЭШФ-ны басқару мүмкіндігі.
  • Барлық шот-фактураларды электрондық түрде жазып берген жағдайда, іске асырылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша тізілімді ұсынбау мүмкіндігі (300.07).
  • Барлық шот-фактураларды электрондық түрде жазып берген жағдайда, іске асырылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша тізілімді ұсынбау мүмкіндігі (300.08).
  • Мөр дайындауға қағазды үнемдеу және қаражатты үнемдеу.
  • Алушыға ЭШФ-ны орналасқан орнына қарамастан жедел жеткізу, сондай-ақ сатып алушы мен өнім беруші арасында ЭШФ АЖ-да хабарларымен тез алмасу мүмкіндігі.
  • Қателерді болдырмау мүмкіндігі, өйткені ЭШФ АЖ форматтық – логикалық бақылауға тексеру жүргізеді.
  • Жеке алғашқы бухгалтерлік құжаттарды қосымша ресімдеуді болдырмау (тауарлық – көліктік жүкқұжат, төлемге арналған шоттар, сондай-ақ ЭШФ-да шарттың жеке деректемелерін көрсету мүмкіндігі).
  • Егер тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы мемлекеттік мекеме болып табылған жағдайда, ЭШФ АЖ-ден «Қазынашылық-клиент» АЖ-ге төлеуге арналған шотты автоматты қалыптастыру, бұл төлемге электрондық қаржы құжаттар қозғалысының ашықтығын қамтамасыз етеді.