Жарияланған күні: 11.01.2019 12:26
Өзгертілген күні: 11.01.2019 12:45

КЕДЕНДІК ТРАНЗИТ КЕДЕНДІК РӘСІМІ

Кедендік транзит кедендік рәсімі 2017 жылғы 13 желтоқсандағы (Қазақстан Республикасында ратикацияланған күні)Еуразиялық экономикалық одағының кеден Кодексі, 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодекстерімен белгіленген жағдайларда қолданылады.

Кедендік транзит кедендік рәсімі тауарларды осы кедендік рәсіммен орналастыру шарттары сақталған кезде тауарлар жөнелтуші кеден органынан межелі кеден органына дейін кедендік баждар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары төленбестен тасымалданатын (тасылатын) кедендік рәсім болып табылады.

Кедендік транзит кедендік рәсімі тауарларды:

      1) келуорнындағыкеденорганынан кету орнындағыкеденорганынадейін;

      2) келуорнындағыкеденорганынанішкікеденорганынадейін;

      3) ішкікеденорганынан кету орнындағыкеденорганынадейін;

      4) бірішкікеденорганынанбасқаішкікеденорганынадейін;

5) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағы арқылы және (немесе) теңізбен кеден органдары арасында тасымалдау (тасу) кезінде қолданылады.

Кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар шетелдік тауарлар мәртебесін сақтайды.

Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік транзит кедендік рәсімі Еуразиялық экономикалық одақтың  2017 жылғы 13 желтоқсандағы  170  шешіміне, Кеден одағы комиссиясының 17.08.2010 жылғы №438 шешіміне,  ҚР ҚМ МКК-нің 17.08.2015 жылғы №498 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

Кедендік транзит кедендік рәсіміне байланысты жаңа заңнаманың ерекшеліктерінің бірі,Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодексінің (әрі қарай - Кодекс) 232 бабына сәйкес тауарларды жеткізу орнына тауарларды жеткізгеннен кейін межелі кеден органықұжаттардың берілуін тіркегеннен кейін декларант тауарларды уақытша сақтауға орналастыруға немесе оларды кедендік декларациялауға байланысты кедендік операциялардыКодекстің 231 бабының 3 тармағында көрсетілген уақыттан кешіктірмей жасауға міндетті.

Сонымен қатар, осы баптың 5 тармағында тауарларды кедендік декларациялауға байланысты кедендік операцияларды осы баптың 1-тармағына сәйкес жасау кезінде декларант осы Кодекстің 17-тарауына сәйкес тауарларды уақытша сақтауға орналастыруға байланысты кедендік операцияларды:

      1) осы Кодекстің 184-бабына сәйкес кедендік декларацияны кері қайтарып алуға кеден органының рұқсатын;

2) осы Кодекстің 198-бабына сәйкес тауарларды шығару мерзімін тоқтата тұру туралы кеден органының шешімін;

      3) осы Кодекстің 201-бабына сәйкес тауарларды шығарудан бас тартуды алған кезден бастап үш сағат ішінде жасауға міндетті.

Кодекстің 232 бабына 6 тармағына сәйкес, осы баптың 1 және 5-тармақтарында көрсетілген мерзімдерде өздеріне қатысты кедендік операциялар жасалмаған тауарлар кеден органдары осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кідіртіледі.

Кедендік транзит кедендік рәсіміЕуразиялық экономикалық одағының кеден Кодексінің 22 тарауында, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодексінің 24 тарауында қаралған.

Аталған Кодекстер, шешімдер мен бұйрықтар  - «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған.

          Кедендік транзит кедендік рәсімінеқатысты туындаған сұрақтар бойынша Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Кедендік бақылау басқармасына 8(7242)21-52-77 телефон арқылы хабарласуға болады.

 

Кедендік бақылау басқармасы

21-52-77