Жарияланған күні: 23.11.2018 09:21
Өзгертілген күні: 23.11.2018 09:21

Онлайн қызметтерді пайдалану – жемқорлықтың алдын алу !

 

Сыбайлас жемқорлықты жою және оның алдын алу шараларын жүзеге асыру -  мемлекетіміздің алдыңғы қатарға қойған үлкен мақсаттарымыздың бірі.

Сыбайлас жемқорлық көріністерін анағұрлым төмендету бағытында,  көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіру, бизнес процесстерді оңтайландыру және ұсынатын құжаттарды азайту бойынша  заңнамаға бір қатар өзгерістер енгізілген.

Соның ішінде, алкоголь өнімдерін көтерме және бөлшек саудада өткізуге, мұнай өнімдерін көтерме және бөлшек  саудада өткізу  барысында көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге де өзгерістер енгізілген.

Атап айтсақ, 2015 жылдын 1 шілдесінен бастап ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдану міндетті бензинді, дизель отынын, алкоголь өнімін көтерме және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолдану міндеттелген.            

Бүгінді таңда облыс бойынша осы санатқа жататын салық төлеушілермен  міндетті акшалай есеп беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдану 100 пайызға жетті.

Салық төлеушілерге осы автоматтандырылған жүйені қолдану өте ыңғайлы және бұл жүйенің сыбайлас жемқорлықты болдырмау, алдын алуда  тиімділігі де өте жоғары болып отыр.

Осындай цифрлық технологияларды қолдану арқылы салық төлеушінің мүддесін қорғауға да бағытталған, лауазымды тұлғаларды қағазбастылықтан арылтып, жұмыс уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Бұл мемлекеттік қызметті жеделдетіп, сыбайластық дертінің алдын алуға сеп болмақ.

        

 

А.Жакулова,

Қызылорда облысы бойынша МКД

бас маманы