Жарияланған күні: 19.09.2018 10:23
Өзгертілген күні: 19.09.2018 12:37

            «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 24-бабының 3-тармағына сәйкес, Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидалары әзірленіп бекітілген.

            Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа  қарсы  іс-қимылда, өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарға, біржолғы ақшалай сыйақы түрінде жүзеге асырылатын көтермелеу  мынадай мөлшерде белгіленген:  сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы әкімшілік істер бойынша - 30 айлық есептік көрсеткіш,  онша ауыр емес сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша - 40 АЕК, ауырлығы орташа сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша - 50 АЕК, ал ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша - 70 АЕК,  аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша - 100 АЕК көлемінде көтермелеу ақысы  қаралған.

            Сондай-ақ,  Қағидада көзделген жағдайлар бойынша, грамотамен марапаттау немесе алғыс жариялау түріндегі көтермелеулер болуы мүмкін.
            Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда жәрдемдесуді көтермелеудің  шарттары, негіздері және тәртібі белгіленген, яғни, орын алғалы тұрған сыбайлас  жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактісі туралы хабарлауды, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған іздеудегі адамның тұрған жері туралы ақпарат беру,   сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу үшін, кейіннен маңызы болған өзге де жәрдем берулер жатады.

            Көтермелеу,  адам  берген  ақпарат  шындыққа сәйкес болса және айыпты адамға қатысты, әкімшілік жаза қолдану туралы сот қаулысы заңды күшіне енген немесе айыптау үкімі заңды күшіне енген жағдайда, сондай-ақ, ақталмайтын негіздер бойынша істі қысқарту туралы қаулы шығарылған жағдайларда ғана, жүзеге асырылатынын есте ұстаған жөн.

Ә.Серәлі
                                                                         Қызылорда облысы бойынша МКД

 бас маманы