Жарияланған күні: 19.09.2018 12:48
Өзгертілген күні: 19.09.2018 12:48

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейтін құбылыс.  Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.

ҚР-ның «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңында сыбайлас жемқорлыққа мынадай анықтама берілген:- «жеке түрде немесе делдалдар арқылы мүліктік игіліктерді заңсыз алу және мемлекеттік қызмет атқарушы тұлғалардың, сондай-ақ оларға теңестірілген тұлғалардың өз лауазымдық өкілеттіктері мен өкілеттіктеріне қатысты мүмкіндіктерін мүліктік пайда табу үшін жеке басын пайдалануы, сондай-ақ аталмыш тұлғаларға жеке және заңды тұлғалардың көрсетілген игіліктері мен жеңілдіктерді құқыққа қайшы  түрде пара ұсыну жолымен сатып алуы». 

          Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі қағидалары: 1) Заңның және соттың алдында баршаның теңдігі,сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өте маңыздысы қағидалардың орындалуы және іске асырылуы. Өкінішке орай бұл заң біреулерге дұрыс, біреулерге жұмыс жасамайды. Сонымен бірге жеке судьялар, құқық қорғау органдарының мемлекеттік қызметкерлері де сыбайластық жемқорлыққа ұшыраған. 2) Мемлекеттік және қоғамдық бақылаудың мемлекеттік органдардың қызметінің заңға сүйенетін регламентін, заңдылығын және жариялылығын қамтамасыз етуі. 3) Мемлекеттік ақпараттың құрылымы, кадрлік жұмысты жетілдіру және мәселелердің шешімін жеке және заңды тұлғалардың құқық және заңды түрде мүдделеріне қатысты заң құру.

Осы аталған саладағы қабылданған Заңнамалардың басты мақсаты-азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауып қатерден республиканың ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, осыған байланысты құқық бұзушылықтың, қылмыстың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кінәлілерді тиісті жауапқа тартумен қатар, демократиялық негіздерді, мемлекеттік басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенімдерін нығайтуға, білікті мамандарды мемлекеттік қызметке кіруге ынталандыруға, мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшін жағдайлар жасауға бағытталған.

 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері кез-келген мемлекет үшін өзекті проблемалардың бірі. Барлық елдерде оның трансұлттық сипаты танылып, оған қарсы экономикалық, құқықтық және басқада шаралар қолданылуда. Сондықтан, салық төлеушілер мен салық органдарының қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге  күрес - жоғарыдағы қағидаларды орындауға негізделеді.

 

Ғ.Халықова,

Қызылорда облысы бойынша

мемлекеттік кірістер департаментінің 

бас маманы