Жеке тұлғалардың тауарларын жеке пайдалануға

арналған тауарларға жатқызудың жаңа критерийлері

                 "Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наруыздағы № 250 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы"  Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы №№ қаңтардағы № 12 бұйрығымен "Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткізетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызудың критерийлерін белгілеу туралы" тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызудың жаңадан критерийлері бегітілді. Бұйрық ағымдағы жылғы 14 ақпаннан бастап күшіне енді.

            Осыған орай, Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткізетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызудың келесі критерийлері белгіленді:

  • ЕАЭО СЭҚ ТН 4303 10 тауар позициясында жіктелетін ан терісінен жасалған бұйымдар (оның ішінде бас киімдер) – бiр адамға бiр атаудағы, мөлшердегi және үлгiдегi 1 (бiр) зат;
  • ұялы телефон, смартфон – бір адамға 2(екі) бірлік;
  • планшет – бір адамға 2 (екі) бірлік;
  • портативті тасымалданатын компьютерлер және олардың керек-жарақтары (ноутбук, нэтбук) – бір адамға 1 (бір) бірлік;
  • зергерлiк бұйымдар – бiр адамға 5 (бес) зат;
  • велосипед – бiр адамға 1 (бір) дана;

-     бала арбасы – бiр адамға 1 (бір) дана;

Сондай ақ, Кеден одағының кедендік шекарасы  арқылы жеке тұлғаның өту және оның тауарларды өткізу жиілігі айына 1 (бip) реттен аспау керек.

 Кеден одағының кедендік аумағына кез келген тәсілмен әкелінетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдары, егер олардың саны жылына 1 (бір) бірліктен асса кәсiпкерлiк қызмет мақсатына арналған деп қарастырылады.

             Көрсеткiштер бұрын пайдалануда болған тауарларға (жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын қоспағанда) қатысты қолданылмайды.

 

М.Қожанбай,

Қызылорда облысы бойынша МКД

«Әежай-Қызылорда» кеден бекетінің басшысы