Акция жалғасуда

              Жалпы республикалық "Түбіртекті талап ет те - жүлде ұтып ал" науқаны жалғасуда. Жалпыреспублика бойынша ұйымдастырылған акция 21 мамырдан бастап, 30 қарашаға дейін жалғасады. Шараның басты мақсаты бюджетке салық түсімін көбейтіп, кәсіпкерлерді адал бәсекелестікке ынталандыру және көлеңкелі бизнеспен күресу.

        Ұтыс тиражы ай сайын өтіп, жеңімпаздар анықталады.  Акцияның қорытынды ойыны желтоқсан айында Астана қаласында өткізіледі. Жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар қаралған, ал бас жүлдеге темір тұлпар тігілген.  

Жаңа технологияны пайдалану арқылы заңсыздық пен жемқорлыққа қарсы тұруға болады

Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, алкоголь және темекі өнімдерінің заңсыз айналымының жолын кесу мақсатында жүйелі жұмыс жүргізу арқылы сандық технологияны қолдануды арттыруға, сол арқылы жемқорлықтың қадамын қысқартуға үлес қосып келеді.

Бұқаралық ақпарат құралдарында, ресми интернет көздерінде жарияланымдар жиі орналастырылып, сол арқылы түсіндіру жұмыстары жүріп отырады.

Салықтар мен міндетті төлемдерді «Электронды үкімет» сайтында төлеуге болады

2018 жылдың 1 тамызынан бастап, «еGov.kz» порталында барлық салықтарды және бюджетке төлейтін міндетті төлемдерді авторизация жасамай және ЭСҚ қол қоймау мүмкіндігінсіз-ақ салықтарды төлеу бойынша жаңа қызмет пайда болды. Бұған дейін «электрондық үкімет» порталында жеке тұлғалар үшін, салықтың үш түрін төлеу ғана қол жетімді болған, бұлар: мүлік салығы, жер салығы және көлік салығы.

 «Электронды үкімет»  порталында салық төлеу бойынша нұсқау төмендегідей: