Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ

 Елімізде  жүргізіліп  жатқан  экономиканы  жаңғырту мен ауқымды әлеуметтік өзгерістер жағдайында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру қажеттілігі айқындала түсті.

Дамудың қазіргі кезеңіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттары, Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясында және «Ұлт  жоспарының 100 нақты қадамында» анықталған, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру жөніндегі міндеттерді іске асыру арқылы ғана жүзеге асырылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру құралы

Сыбайлас жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналды, себебі бұндай әрекеттің мемлекеттік қызметкерлер тарапынан көрініс табуы, еліміздің дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, қоғамда билікке деген сенімсіздік тудырады. Өкінішке орай, жең ұшынан жалғасын табатын, көз қысты-бармақ басты әдет әлі де болса қалмай отыр. Бұл дерт мемлекетіміздің дамуына, экономиканың өркендеп өсуіне, үлкен кедергі келтіретіні айдан анық.

Коррупция – тормоз прогресса

          На  сегодняшний день проблема коррупции  является одним из главных вопросов, актуальных не только для Казахстана, но и для большинства стран мира.

Автоматтандырылған жүйе сыбайластықты шеттетеді

Мемлекет басшысы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында Қазақстанның мемлекеттілігін нығайту жолындағы стратегиялық маңызды мәселелерді айқындап берді. Соның ішінде, тоғызыншы басымдық - сыбайлас жемқорлықпен күрес.

Бұл қоғам дертінің алдын-алу және болдырмаудың бірден-бір жолы – профилактикалық жұмыстардың жүйелі жүргізілуінде.

Осыған орай, мемлекеттік қызметкерлер салық төлеушілердің арасындағы байланысты азайту және болдырмау мақсатында электронды жүйеге көшу мәселесі қарқынды жүргізіліп келеді.

Жаханнамға індет болған жемқорлық!

«Ел болам десең бесігіңді түзе!» деп бұрынғы ата-бабаларымыз осыдан сан мыңдаған жылдар бұрын ескертіп нақыл сөздер айтып кеткен. Олай айтылуында терең мән жатыр. Себебі, жемқорлық белең алған сайын адамның санасы уланып, жеңіл жолмен табыс табуды бір үлкен жетістік деп санайды. Алайда, әрбір заңсыз әрекет үшін қоғам алдында, халық алдында жауапты екендігін, сондай-ақ ел экономикасының қалыптасып дамуына кері әсерін тигізетінін түсіне бермейтін секілді.

Сыйлықтар алу практикасын жою туралы

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 50-бабына сәйкес мемлекеттік функцияларды орындауға байланысты мемлекеттік қызметшілерге  және қызметі бойынша тәуелді өзге де тұлғаларға, бағыныстылар мен  есеп беретін ұйымдардың қызметкерлерінен,  жеке тұлғалардан немесе өтінішпен жүгінген бақылау субъектілерінен, сондай-ақ,  жалпы қамқорлығы үшін, оның ішінде  негізсіз  лауазымға  тағайындау, көтермелеу төлемдеріне, марапаттауға ұсыну және қызмет бабында бетімен кетушілік үшін яғни, бұзушылықтар анықталған жағдайда жауаптылық шараларын қолданбауға келісуліктер бойынша  сыйлық

Сыбайлас жемқорлықпен күрес –қоғамдық дертпен күрес!

Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттік жүйеге, мемлекеттік қауіпсіздікке, ұлттық тұрақтылыққа, жүргізіліп жатқан экономикалық және әлеуметтік реформаларға тигізер залалы мол екені баршамызға мәлім. Азаматтардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға баруы - негізінен олардың ішкі сенімінің әлсіздігінен туындайды. Азаматтардың жеке басының принципшілдігін көрсете алмауы, сыбайлас жемқорлық жағдайларын туындатады. Осы орайда құқықтық білім мен мәдениеттің деңгейін көтеру өте маңызды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру- баршаға ортақ іс

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері- кез келген мемлекет үшін өзекті проблемалардың бірі. Барлық елдерде оның трансұлттық сипаты танылып, оған қарсы экономикалық, құқықтық және басқа да шаралар қолданылуда.

Салық саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы салық органдарында аса маңызды құжат екені аян. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік бағдарлама жасап оны іске асыру жөнінде алдағы жылдарға іс-шаралар жоспары жасалынған.

Противодействие коррупции - обязанность каждого гражданина

Противодействие коррупции является одной из приоритетных задач Департамента государственных доходов по Кызылординской области. Коррупция, к сожалению, распространена в государствах с различными политическими и экономическими системами.

Жемқорлықпен күресу – түбегейлі мақсат.

Қазіргі кезеңде сыбайлас жемқорлық сипатындағы іс-әрекеттердің кесірінен болған проблемалар орасан зор маңызға ие, «сыбайлас жемқорлық» әлемдік деңгейдегі проблемалық мәселе болып, онымен күрес  күннен-күнге қатайып келеді.

Өкінішке орай  жемқорлық саяси, әлеуметтік-экономикалық құрылымына қарамастан демократиялық дамыған мемлекеттердің барлығына да тән және қоғамның індеті болып отыр. Ол латентті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрайық

Елбасы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында «демократиялық қоғам жағдайында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ерекше мәнге ие болады» деп атап көрсетті. Яғни бұл мемлекеттің осы жағымсыз құбылысты жою бағытындағы кешенді және жүйелі күрес жүргізу саясаты жанданып, әрі қарай жалғасын табады деген сөз.

Mемлекеттік кіріс органдары жұмысында басымдықтардың бірі болып сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мәселесі танылады.

Сыбайлас жемқорлық дәрі беріп емдейтін сырқат емес

      Сыбайлас жемқорлық  - заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.

Біздің қоғамда жемқорлыққа орын жоқ

Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы – адамдардың қоғамның демократиялық негізіне деген сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне кері әсер ететіні хақ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге болайық

Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жанындағы  Консультативтік кеңес отырысында «Мемлекеттік кірістер органдарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары» туралы хабарлама тыңдалды.

Салықтық және кедендік әкімшілендірудің өзекті мәселелерін талқылауға арналған кеңестің құрамын Облыстық кәсіпкерлер палатасы мен Тұтынушылардың құқығын қорғау ассоциациясының өкілдері, сыртқы экономомикалық қызметке қатысушылар мен салық төлеушілер құрайды.