Жарияланған күні: 12.03.2018 16:04
Өзгертілген күні: 12.03.2018 16:08

Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мен облыстық Кәсіпкерлер палатасының біріккен семинар-кеңесі болып өтті.Семинар-кеңесте көлеңкелі экономика"-ның тараған түрі жалған ақшаның айналымымен күрес тақырыбы кеңінен талқыланды. Бұл бойынша нақты деректермен Департаменттің Экономикалық тергеу қызметінің бас маманы, аға-офицер Рахметов Бірлік кеңінен баяндама жасады.

Өткен 2017 жылы Департаментпен жалған ақшаның заңсыз айналымының - 33 дерегі, ағымдағы жылдың екі айында 6 дерек тіркелді. Барлық тіркелген деректер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.  

Осы орайда, жалған ақшаның заңсыз айналымының айналымын азайту және жолын кесу мақсатында, барлық кәсіпкерлерді және жеке тұлғаларды ақша тексеретін құрал «детектор валют» алуға және   жалған ақша жасау, өткізу  деректері туралы ақпараттар болған жағдайда кешіктірмей  Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне 21-52-09, 21-54-65 телефондары арқылы хабарлауға шақырамыз.

 

Департаменттің экономикалық тергеу қызметі