Жарияланған күні: 06.12.2018 09:40
Өзгертілген күні: 06.12.2018 09:40

       Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесі салтанатты атап өтілді.

       Тәуелсіз Қазақстан мен Президент Назарбаев ұғымының егіздігін негізге алған «Елінің ертеңгі келбетін жасаушы -  Елбасы»  тақырыбында баяндама тыңдалды.

       Департамент басшысы Серік Жолдасбекұлы Мұстафаев  құттықтау сөз сөйлеп, бірнеше қызметкерлерге қызметтегі жетістіктері үшін марапаттар тапсырды.

        Табысты жұмыс жасаған қызметкерлер тобы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің, Облыс әкімінің алғысымен, Департаменттің Құрмет грамотасына  лайық деп танылды.

        Әріптестерді құттықтаймыз!

        

Түсіндіру жұмыстары басқармасы