Жарияланған күні: 13.02.2018 12:43
Өзгертілген күні: 13.02.2018 12:44

       Қазақстан Республикасы Конституциясының 35 бабына сәйкес әрбір азаматтың  борышы болып табылатын салық төлеу міндеттілігіңізді еске саламыз.

Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 494-бабы 3- тармағына сәйкес, жеке тұлғалардың көлік құралдары бойынша салық төлеу мерзімі 31 желтоқсанға дейін деп белгіленген. 

Жеке тұлғаларға меншік құқығымен тиесілі Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрғын үй-жайлар, саяжай құрылыстары, гараждар және өзге де құрылыстар, ғимараттар, үй-жайлар пайдалану кезінен бастап оларға мүлік салығының салу объектісі болып есептеледі.

     Салық Кодексінің 532 бабы 6-тармағы мен осы Кодекстің 514 бабының 3-тармағына сәйкес, меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалардың  мүлік және жер салықтарын есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 қазанынан кешiктiрмей бюджетке төлеу қажет.

Салық түрлерін төлеу мерзімінен асып кеткен жағдайда төлеу мерзімінен кейінгі әр күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық банк бекіткен қайта қаржыландырудың ресми бағамының 2,5 пайыз мөлшерінде өсімақы есептелінеді.

Белсенді түрде салықтарыңыз бойынша есеп айырысуға шақырамыз.

 

 

Қызылорда қаласы бойынша

                        мемлекеттік кірістер басқармасы