Жарияланған күні: 05.01.2018 14:43
Өзгертілген күні: 05.01.2018 14:45

2018 жылдан бастап жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.

Осыған орай, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 220.00, 230.00, 240.00, 700.00, 701.00, 701.01, 910.00, 911.00 салық есептіліктерінің нысандарына және жасау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеттеріне түсімдерді қамтамасыз ету мақсатында 8 салық есептілігі нысандарына «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент және ауылдық округтiң әкім аппаратының БСН» жаңа жолы қосылды.

Салық есептілігін толтыру кезінде аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент және ауылдық округтiң әкім аппаратының БСН-ін кою міндеттелгенін ескеру үшін, хабарлаймыз.

 

Мемлекеттік қызмет көрсетулер басқармасы

238810