Жарияланған күні: 12.02.2018 16:52
Өзгертілген күні: 12.02.2018 16:53

        Таңба – бұл әрбір тері бұйымына берілетін бақылау  идентификациялық белгi. Тері бұйымдарын таңбалау туралы жоба өткен жылдың қараша айында ендірілген болатын. Ондағы мақсат – тұтынушыларды жалған тауардан, ал рынокты котрабандалық тауардан қорғау.

        Таңбалау арқылы сатылымдағы әрбір тері бұйымы туралы ақпаратты білуге болады. Терінің түрі, өндірушісі, бренді, сатушысы – осының барлығы таңбада көрсетіледі. Яғни, сатып алушы сапалы, нағыз теріден тігілген бұйымды қателеспей таңдай алады.

       Бақылау идентификациялық таңбаның әрқайсысы 400-500 теңге шамасында тұрады. Тері тондарын сатумен айналысатын кәсіпкерлердің ақпан айының аяғына дейін барлық қолда бар тауарын таңбалап алуға уақыты бар.

        Евразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасындағы тауарлар таңбалау бойынша пилоттық жоба  2016 жылы енгізілуі қажет болатын. Алайда 2016 жылдың қазан айында, Минскіде өткен Евразиялық үкіметаралық кеңесте тері тауарларын таңбалау туралы келісімнің күшіне енуін 2018 жылдың соңына дейін созу туралы хаттама толтырылды.

         Бұл талап кәсіпкерлікпен шұғылданушыларға, яғни тері бұйымдарын өндіруші, әкелуші және сатушы тұлғаларға  арналған.

 

Б.Орданова,

Қызылорда облысы бойынша

мемлекеттік кірістер департаментінің

бас маманы