Дата публикации: 12.03.2018 17:47
Дата изменения: 12.03.2018 17:47

     Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Асбол, Жайна сауда үйлерінде  «Кәсіпкерлердің салық міндеттемесінің орындалуы» тақырыбын талқылаған көшпелі семинар-кеңес өткізді.     

    Семинар модераторы -  Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Нұрлыбек Амангелдиев кәсіпкерлердің салықтық міндеттілігіне адалдығы мен ел игілігі үшін жұмсалатын бюджет қаражатының мерзімінде және толық түсімі арасындағы тығыз байланысты түсіндірді.

          Қызылорда қаласында орналасқан 17 сауда үйлері мен базарларда сауда нүктелерін жалға алып кәсіпкерлік қызмет түрлерімен айналысып отырған 2243  салық төлеушінің 2017 жылы тапсырған салық есептіліктеріне жүргізілген  салықтық бақылау жұмыстары шеңберінде бірқатар мәселені баяндады.

          Аталған кәсіпкерлердің ширек бөлігі, нақтырақ айтқанда 544-і  табыстарын төмендетіп көрсеткен. Ал  72 салық төлеуші нөлдік көрсеткішпен есеп тапсырған. Және 79 салық төлеуші кәсіпкерік қызметімен айналыса тұра кәсіпкерлік қызмет түрлерін уақытша 3-5 ай мерзімге тоқтатып қойған.

          Табысын жасыру немесе оның көлемін төмендетіп көрсетудің бірден бір амалы бақылау-касса машиналарын қолданбау.  Аталған сауда нүктелеріндегі 73 кәсіпкер  бақылау-касса машиналарын тіркетпей қызмет жасап отыр.  Сонымен қатар, 91 жеке тұлға дара кәсіпкер ретінде тіркелмей, базарлар мен сауда үйлерінде  кәсіпкерлік қызмет түрлерімен айналысып отырғандығы анықталды. Бұл туралы сауда үйлері мен базар әкімшіліктері  мәлімдеп о