Дата публикации: 07.07.2019 00:55
Дата изменения: 09.07.2019 15:37

 Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде Астанамыз Нұрсұлтан қаласының  мерейлі күніне орай салтанатты жиын өтті. Іс шара Департамент басшысы Ғ.Орыновтың құттықтау сөзімен ашылды. Департамент басшысы  Ғ.Орынов,  Елорданың маңызды шешімдер қабылдайтын мемлекетіміздің саяси орталығы ғана емес, ұлттық рухымызды ұйытып отырған рухани ордамызға да айналып отырғандығын атап өтті.

Сонымен қатар, көп жылдар кіріс органында  жұмыс жасаған департамент  қызметкерлері  Н.Оңғарбаев, А.Мыхановты  зейнеткерлік жасқа жетуіне сәйкес құрметті еңбек демалысына шығуымен және Департаменттің талдау және тәуекелдер басқармасының басшысы Г.Темірованы 50 жас мерейтойымен  құттықтап,  зейнеткерлерге ҚР ҚМ МКК  Құрмет грамотасын, мерейтой иесіне  Департаменттің  Құрмет грамотасын табыс етті. 
Жиын барысында облыстық салалық кәсіподақ ұйымының төрағасы Арлан Тойбазарұлы Елемесов бірқатар қызметкерлерді   мемлекеттік салалық кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасымен марапаттады.
 
Қызылорда облысы бойынша МКД
Түсіндіру жұмыстары басқармасы