Дата публикации: 18.06.2019 16:27
Дата изменения: 18.06.2019 16:27

Одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құны мәселелері Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 5-тарауымен реттеледі.

         ЕАЭО Кеден кодексінде кедендік декларациямен бірге декларация солардың негізінде толтырылған құжаттарды беру қажеттілігі қаралмаған.

         ЕАЭО Кеден кодексінің 313-бабында көзделгендей, кедендік декларациялау кезінде мәлімделген тауарлардың кедендік құнына кедендік бақылауды жүргізу кезінде кеден органдары тауарлардың кедендік құнын дұрыс айқындауын және мәлімдеуін тексеруді жүзеге асырады (тауарлардың кедендік құнын айқындау әдісін таңдау және қолдану, тауарлардың кедендік құнының құрылымы мен шамасы, тауарлардың кедендік құны туралы мәліметтерді құжаттамалық растау).

         Тауарлардың кедендік құнына бақылауды жүргізу кезінде кеден органы декларанттан тауарлардың бағасын қалыптастыруға әсер ететін факторлар туралы, сондай-ақ одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысы бар өзге де мән-жайлар туралы жазбаша нысанда түсіндіруді сұратуға құқылы.

         Тауарлар шығарылғанға дейінгі кедендік бақылау кезең-кезеңмен жүргізіліп, сұратылатын ақпараттың нақты жағдайға қарай қажетті нысандарымен және көлемдерімен шектеледі. Бірқатар жағдайларда кеден органдары солардың негізінде тауарларға декларация толтырылған құжаттарды сұратумен шектелуі мүмкін. Өзге жағдайларда бұрын жіберілген құжаттарға толықтыру ретінде қосымша құжаттарды және  мәліметтерді ұсыну талап етілуі мүмкін.

Қызылорда облысы бойынша МКД

Кедендік бақылау басқармасының

бас маманы Бейбіт Шәдіұлы Қиянбеков