Дата публикации: 28.12.2017 16:07
Дата изменения: 28.12.2017 16:07

         Жақсы тілекпен, жылы үмітпен көкжиектен көрініп келе жатқан жаңа 2018 жыл құтты болсын!

         Өңіріміздің өндірісі  өркендеп,  келбеті жаңарып,  әр жылды ерекше қарқынмен қарсы алуда.

         Еліміздің экономикалық дамуына белсенді үлес қосатын мемлекеттік кірістер органдарының басты міндеті – бюджеттің кіріс бөлігін және мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Салық салу және оны өндіру жүйесін жетілдіріп отыру – салық төлеушіге қолайлы жағдай жасаумен тығыз байланысты. Бүгінгі күннің талабы салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру арқылы салықты сапалы әрі мәдениетті басқару.

         Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті 2017 жылды қорытындылайтын алдын ала көрсеткіштер бойынша, шоғырландырылған бюджетке 201 млрд.теңгенің салықтары мен төлемдерінің түсімін қамтамасыз етіп, жоспарды 108 пайызға орындады.  Өткен жылмен салыстырғанда, нақты түсім көлемі  42 млрд.теңгеге өсіп отыр.

          Салықтың әрбір теңгесінен бюджет қалыптасады. Бюджет халық  игілігіне жұмсалады. Кәсіп жасаған әрбір азамат өзінің жасаған тауары, көрсеткен қызметі арқылы мемлекеттің келешек келбетін қалыптастырады.          Отанымыздың жарқын болашағы үшін әр адам еңбегімен үлес қосады.          Жетістікке жету, жеңістің тұғырынан көріну өз қолымызда. 

          Ел игілігі үшін толассыз еңбек етіп, халық ықыласына бөленіп жүрген кәсіпкерлерімізге абыройларыңыз асқақтай берсін дейміз! Жаңа іс бастап, табыстың жолына қадам басқан жерлестерімізге кәсібіңіз өрге жүзсін дейміз!

          Жаңа жыл ынтымағы жарасқан қазақ еліне берекелі, табысты, әр отбасы үшін ырысы мен шуағы мол жыл болғай. Жерлестерімізге  амандық, денсаулық, бақыт пен байлық, жағымды жаңалықтар мен сәттіліктер тілеймін.

          Жеті қазынаның бірі саналатын ит иелік ететін жаңа 2018 жыл жақсы істердің, ізгіліктің  бастауы болуына тілектеспін.

Құрметпен,

        Қызылорда облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаментінің

          басшысы Серік  Жолдасбекұлы Мұстафаев