Дата публикации: 18.06.2019 16:30
Дата изменения: 18.06.2019 16:30

        Кеден Одағы Кеден кодексінің 264-бабына сәйкес, одаққа мүше болып табылмайтын мемлекетте тіркелген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын шетелдік жеке тұлғалардың одақтың кедендік аумағына уақытша 1 жылдан аспайтын мерзімге әкелуіне  рұқсат етіледі.

         Шетелдік жеке тұлғаның дәлелді өтініші бойынша кеден органдары жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын уақытша әкелу мерзімін ұзартуы мүмкін.

         Уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралдары, сол уақыт ішінде осындай көлік құралдары одақтың кедендік аумағында уақытша болатын мерзім өткенге дейін, одақтың кедендік аумағынан әкету, еркін айналымға шығару мақсатында немесе, аталған көлік құралдары соттың шешімі бойынша тәркіленген немесе мүше мемлекеттің меншігіне (пайдасына) айналдырылған, не одақ тауарларының мәртебесін алған, не кеден органы апаттың немесе ырықсыз күштердің салдарынан жойылу және (немесе) біржолата жоғалу фактісін, не табиғи кему нәтижесінде біржолата жоғалту фактісін таныған жағдайларды қоспағанда, өзге де мақсаттарда кедендік декларациялануға тиіс.

 

Қызылорда облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаментінің

Кедендік бақылау басқармасының

бөлім басшысы Қайрат Тұрсынбайұлы Ердібаев