Дата публикации: 14.04.2017 10:38
Дата изменения: 14.04.2017 10:41

           Арал  ауданы  бойынша Мемлекеттік  кірістер  басқармасында «Ілеспе жүк құжаттарынсыз алкоголь өнімдері айналымына жауапкершілік» тақырыбын түсіндіруге  арналған семинар өтті.

          Cеминарды  басқарма  басшысының орынбасары А.Конысбаев  ашып, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің  2015 жылғы 19 қаңтардағы №35 бұйрығымен бекітілген, «Этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды рәсімдеу мен пайдалану қағидаларына» сәйкес, 2016 жылдың  1 қаңтарынан алкоголь  өнімдеріне салық төлеушілер ілеспе жүк құжаттарын рәсімдеуге міндетті екендігін атап өтіп, осы бағытта түсіндірме берді.  

             Аталған қағидалардағы жеке және заңды тұлғалардың этил спиртін және алкоголь өнімін сату (жіберу), өткізу, қайтару, тасымалдау кезінде ілеспе жүкқұжаттарын  ресімдеу және пайдалану тәртібіне, «Салық төлеушінің кабинеті» интернет-ресурс көмегімен электрондық түрде ресімдеу, ілеспе жүк құжаттарында көрсетілетін деректер, алкоголь өнімін алушылар тауарды алғаннан кейінгі  ілеспе жүкқұжаттарын алуды электрондық түрде растау және растау мерзімдері туралы кеңінен тоқталып, айтып өтті.

              Ілеспе жүкқұжаттарсыз алкоголь өнімдерін әкелуді жүзеге асырған жағдайда, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 282 бабы 3-тармағы 7-тармақшасына сәйкес әкімшілік-құқықтық жауапкершілік көзделетінін және бұл құқық бұзушылыққа қолданылатын шаралар туралы да түсіндіріліп өтті.

           Семинарға қатысушы салық төлеушілер Арал ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы тарапынан алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды рәсімдеу мен пайдалану, алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымын болдыртпау мақсатында айтылып отырған мәселенің дұрыс екендігін, туындаған сұрақтар бойынша түсіндірме берілгеніне өз алғыстарын білдірді және сұрақтарына жауап алды.

М. Бектурсинов,

Арал  ауданы  бойынша 

Мемлекеттік  кірістер  басқармасының бас маманы