Дата публикации: 20.07.2018 12:09
Дата изменения: 20.07.2018 12:09

Қазіргі кезеңде сыбайлас жемқорлық сипатындағы іс-әрекеттердің кесірінен болған проблемалар орасан зор маңызға ие, «сыбайлас жемқорлық» әлемдік деңгейдегі проблемалық мәселе болып, онымен күрес  күннен-күнге қатайып келеді.

Өкінішке орай  жемқорлық саяси, әлеуметтік-экономикалық құрылымына қарамастан демократиялық дамыған мемлекеттердің барлығына да тән және қоғамның індеті болып отыр. Ол латентті.

Елбасымыздың сындарлы саясатының басым бағыттарының бірі – жемқорлыққа қарсы іс-шараларды жүйелі түрде жүргізу. Оның айғағы ретінде Қазақстан Республикасының Президентінің жыл сайынғы Жолдауларын айтуға болады. Онда аталғандай, еліміздегі сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендетуге маңызды қадамдар жасалған. Алайда, негізгі басымдық сыбайлас жемқорлықтың салдарымен күресуге бағытталған. Сыбайлас жемқорлықтың себебін анықтау мен жою бағытындағы жұмысты күшейту қажет.  Сыбайлас жемқорлықпен күресуде көптеген мәселе бүкіл қоғамның белсенді қатысуына да байланысты. Әлеуметтік желілер мен басқа да медиаресурстардың дамуымен, бұқара халықтың сыбайлас жемқорлықты мүлдем қабылдамауы жемқорлықпен күрестің мықты қаруына айналу керек.

Сыбайлас жемқорлық – елдің әлеуметтік экономикалық  дамуына кері әсер етіп,   болашағына балта шабатын бүгінгі күнде белең алып отырған қауіпті  құбылыс.  Сыбайлас жемқорлық – әлеуметтік кесел ретінде салық саласында да орын алып отыр. Біріншіден – салық  органдарының имиджіне нұқсан келтіреді,  екінші жағынан әліміздің нарықтық экономикасын  дамытуға қауіп төндіреді.

Бұқара халықтың және салық төлеушілерінің заңдылықтарды жетік білмеуі салдарынан жемқорлыққа жағдай туғызады, соның салдарынан әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Содан соң, салық төлеушілер бұл жауапкершіліктен құтылу үшін әртүрлі сыбайластық әрекеттерге баруы ықтимал.  Сонымен қатар, кез-келген құжаттарды рәсімдеуге «көп уақыт керек», «ұзын-сонар кезекте тұру қажет», «көптеген құжаттарды толтыру қажет» деген оймен де сыбайластық іс-әрекеттерге жол берілуі мүмкін. Іс-жүзінде құжаттарды рәсімдеуге мүлдем көп уақыт кетуі, немесе ұзын сонар кезекке тұру қажет емес.  Ақпарат қабылдау және өңдеу орталықтары  кезекті реттеу мен қызметті алудың уақытын қадағалау үшін электрондық кезек жүйелі – таблолармен жабдықталған. Сол сияқты, жоғарғы органмен  «Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары»  (Әрі қарай – Стандарт) бекітілген. Стандартқа сәйкес салық төлеушілерге оңтайлы әрі тез қызмет көрсету үшін барлық өтінімдер мен есептіліктердің толтырылу үлгісі ақпараттық тақталарда ілінген, және 20 минутқа дейін қызмет көрсету уақыты белгіленген. Ал салық төлеушінің өтінімі негізінде түрлі куәліктерді, анықтамаларды, салыстырмалы-акті тағы басқа да құжаттарды алуға заңдылықпен және Стандартқа сәйкес 1 жұмыс күнінен 3 (5) жұмыс күні ішінде табыс ету белгіленген. 

Сонымен қатар, Мемлекеттік кірістер басқармасының ақпараттық стенділерінде қызметкерлердің құқыққа қарама-қайшы келетін іс-әрекеттері туралы ақпарат жолдауға болатын электронды мекен-жайлар жөнінде мәлімет ілінген. Азаматтардың құқықтарын қорғау, Мемлекеттік кірістер органы қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, қызмет  этикасын бұзу  фактілерін анықтау мақсатында басқармада  23-87-32 «сенім» телефоны жұмыс жасайды. Ақпарат қабылдау және өңдеу орталықтарында және «Салық төлеушілер терминалында» арыз-шағым жәшіктері орналастырылған. Арыз-шағым жәшігінің электронды мекен-жайы  да қызмет етуде.  Әрдайым бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сыбайластықтың алдын алу бағытында мақала хабарландырулар, телеарналар мен радиожеліде сұхбаттар берілуде. Салық төлеушілер мен түрлі ұйым, мемлекеттік органдардың тартылуымен көпетеген семинарлар мен дөңгелек үстелдер жүргізіліп келеді. Телеарна мен радио желісінен де сұхбаттар мен хабарландырулар беріледі. 

Осының барлығы да бұқара халықтың салықтық сауаттылығы мен мәдениетін жоғарылатып, заң аясында жұмыс жасауға шақыру, сыбайластықтың тамырына балта шабу.

Еліміздің әрбір саналы азаматы жемқорлыққа төзбеушілік танытса, қоғам болып осы дертке қарсы тұрсақ, оның салдарымен емес, алдын алып, жан-жақты дамыған елдің іргесі мықты,  шаңырағы биік болмақ.

 

С.Ержанова,

Қызылорда қаласы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасының

 бөлім басшысы