Дата публикации: 18.09.2018 17:38
Дата изменения: 18.09.2018 17:39

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 50-бабына сәйкес мемлекеттік функцияларды орындауға байланысты мемлекеттік қызметшілерге  және қызметі бойынша тәуелді өзге де тұлғаларға, бағыныстылар мен  есеп беретін ұйымдардың қызметкерлерінен,  жеке тұлғалардан немесе өтінішпен жүгінген бақылау субъектілерінен, сондай-ақ,  жалпы қамқорлығы үшін, оның ішінде  негізсіз  лауазымға  тағайындау, көтермелеу төлемдеріне, марапаттауға ұсыну және қызмет бабында бетімен кетушілік үшін яғни, бұзушылықтар анықталған жағдайда жауаптылық шараларын қолданбауға келісуліктер бойынша  сыйлықтар қабылдауға жол берілмейді.

«Кейбір сыбайлас жемқорлық қылмыстарды қарау практикасы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 27 қарашадағы №8 нормативтік қаулысына сәйкес, Лауазымды адамның оның қызметтік құзыреті шегінде жасауға құқығы бар және жасауға міндетті әрекеттерді, оның қызметтік өкілеттіктеріне кіретін әрекеттер деп түсінген жөн. Адамның оған бағынысты немесе оның қызметтік өкілеттігі жүретін өзге де адамдардан қамқоршылығы немесе қызметінде бетімен жібергені, оның құзыретіне кіретін мәселелерді оңынан шешкені, сондай-ақ алдағы уақытта шешілуі мүмкін мәселелер үшін ақшалай қаражатты немесе өзге де құндылықтарды алуы пара алу деп бағаланады.

          Демек, мемлекеттік қызметші сыйлау себептеріне, сондай-ақ сыйлықтың түріне, санына, құны мен өзге де сипаттамаларына қарамастан, бағынысты тұлғалардан немесе өзге де тұлғалардан сыйлық қабылдауға құқығы жоқ.

          Одан басқа, мүліктік пайда, игілік және артықшылықтар алу үшін ресми тұлғаларға сыйлықтар беруге және қызметтік емес қызметтер көрсетуге тыйым салынады.

          ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген Мемлекет меншiгiне айналдырылған мүлiктi есепке алу және сақтау қағидаларына сәйкес, мемлекеттік қызметшіге білмей түскен сыйлықтар, сондай-ақ лауазымдық жағдайына байланысты немесе қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты мемлекеттік қызметшілерге жария түрде немесе ресми іс-шаралар кезінде берілген (тапсырылған) сыйлықтар алынған күннен бастап, 7 күнтізбелік күн ішінде ерікті түрде арнайы қорға тапсырылуы тиіс.

Бұл ретте сыйлықты бірінші рет алу (құны 2 АЕК немесе 4 810 тг. кем емес), бұрын жасалған заңды әрекеттерi үшiн сыйлық алу туралы алдын ала уағдаластық болмаған кезде маңызды болмауына байланысты қылмыс болып табылмайды.

Алайда, бұл мемлекеттік қызметшіні кемсітетін әрекетті жасағаны үшін әкімшілік, сондай-ақ тәртіптік жауаптылыққа әкеп соқтырады.

Бұл шектеулер мемлекеттік қызметшіге «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы»  Заңға сәйкес, көтермелеу ретінде табыс етілген бағалы сыйлықтарға қолданылмайды.

 
М. Әбдікерова,
Қызылорда облысы бойынша МКД
                                 бас маманы