Дата публикации: 18.09.2018 17:42
Дата изменения: 18.09.2018 17:42

«Ел болам десең бесігіңді түзе!» деп бұрынғы ата-бабаларымыз осыдан сан мыңдаған жылдар бұрын ескертіп нақыл сөздер айтып кеткен. Олай айтылуында терең мән жатыр. Себебі, жемқорлық белең алған сайын адамның санасы уланып, жеңіл жолмен табыс табуды бір үлкен жетістік деп санайды. Алайда, әрбір заңсыз әрекет үшін қоғам алдында, халық алдында жауапты екендігін, сондай-ақ ел экономикасының қалыптасып дамуына кері әсерін тигізетінін түсіне бермейтін секілді.

Жалпы парақорлық мемлекеттік органдардың беделіне нұқсан келтіріп қана қоймай, қызмет атқаруына кері әсерін тигізетін жағымсыз факторлардың бірі десек те болады. Осының салдарынан азаматтар билікке, мемлекеттік органдарға деген сенімін жоғалтады. Осы жерде «Дүние-байлық не керек, денсаулығың болмаса, Төрелігің не керек халықтың көңілі толмаса» деп ата бабамыздың айтып кеткен нақыл сөзі еске түседі. Сондықтан да Елбасымыз «Сыбайлас жемқорлықты болдырмау» туралы қатаң тапсырмалар беріп, өз бақылауында ұстап отырғандығы осы жемқорлықтың белең алу салдарынан болып отырған жағдай. Ел болып, халық болып осы аталған індетпен күресуге шақыру бекер емес. 

Ел экономикасының дамуына, қазынасының толықсуына сүбелі үлесін қосып жүрген қаржы салаларының бірі ол-салық саласы. Сала үлкен жауапкершілікті, нақтылықты, адалдықты талап ететін, кіріс, кеден, экономикалық тергеу қызметтерінен тұратын тарамдарды қамтитын, кіріс көзін толықсыту мақсатында елеулі еңбек ететін сала болып табылады. Салық саласында да сыбайлас жемқорлықпен күресу бойынша көптеген жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, ең маңыздысы 2017 жылдың 25 желтоқсанында жаңадан редакцияланған Қазақстан Республикасының Салық кодексі. Жаңа кодекстің көптеген жаңашыл, жеке кәсіпкерлік субъектілері мүддесін қорғау, салық жүктемесін азайту мақсатында жасалған жаңашыл жаңалықтарының көптігі. Салықтық тексерулердің де бет алды тексеріле бермеуі. Осы салық кодексінің талаптарына сәйкес, Қазақстан Республикасының көптеген нормативтік құқықтық актілеріне де толықтырулар мен түзетулер енгізіліп, өзгерістер енгізілді. Яғни, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тынымсыз еңбек етіп, ішкі және сыртқы бизнесті жақсарту мақсатында қолайлы жағдайлар жасалынуда.

Қорыта айтқанда, жемқорлық қазіргі таңда әлемнің кез-келген өркениетті мемлекетінде белең алған індеттердің бірі болып отыр. Жемқорлық сырқаты дәрі беріп, емделе салатын індеттер қатарынан емес, халық, қоғам болып атсалысып, жұмыла көтерген жүк жеңіл деген нақыл сөзге сай ел болып қызмет жасалған жағдайда ғана аталған індетті түкілікті жою мүмкін екендігі расталып отыр. 

 

 

Н.Балғабаева,

Қызылорда облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаментінің

жетекші маманы