Дата публикации: 18.09.2018 18:32
Дата изменения: 18.09.2018 18:32

Сыбайлас жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналды, себебі бұндай әрекеттің мемлекеттік қызметкерлер тарапынан көрініс табуы, еліміздің дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, қоғамда билікке деген сенімсіздік тудырады. Өкінішке орай, жең ұшынан жалғасын табатын, көз қысты-бармақ басты әдет әлі де болса қалмай отыр. Бұл дерт мемлекетіміздің дамуына, экономиканың өркендеп өсуіне, үлкен кедергі келтіретіні айдан анық.

Сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты. Әлеуметтік желінің, өзге де медиа-ресурстардың дамуы уақытында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер мен алдын-алу жұмыстарын жүргізу арқылы, оны жалпы жұртшылықтың жек көруін қалыптастыру күресінің қуатты құралына айналдыруымыз керек. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, сыбайлас жемқорлықты алдын алу, оның салдарына қарсы күрестен әлдеқайда тиімді.

Мемлекеттік қызметті электрондық форматқа көшіру, ең алдымен  көрсетілетін қызметтің уақытын қысқартуға, азаматтардан талап етілетін құжаттар тізімін оңтайландыруға және ең бастысы жемқорлық факторларын болдырмау мақсатында, халықтың мемлекеттік қызметкерлермен қарым-қатынасқа түспеуіне мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта  ақпараттандыру шеңберінде, Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің  бірқатар ақпараттық жүйелері  мен электрондық сервистер жұмыс істейді:

        СЕӨЖ АЖ- Салық есептілігін өңдеу жүйесі, салық есептілігінің нысандарын электронды түрде табыс етумен байланысты мәселені шешеді.  

         ЭШФ АЖ – Электронды шот-фактура ақпарттық жүйесі, барлық стандартты операцияларды орындауға мүмкіндік береді: үзінді, қабылдау, жіберу, ауытқулар, түзетуге және шот-фактуралар шолу. 1С: Кәсіпорын 8 платформасында 1С бағдарламаларын пайдаланушылар ЭШФ  АЖ-мен тікелей деректер алмасу мүмкіндігін пайдалана алады.

         БСАЖ - Қазақстан Республикасының бірыңғай салықтық ақпараттық жүйесі. Қазақстан Республикасының салық органдары жұмыстарын кешенді автоматтандыру үшін арналған.

        ОСДШ - Орталықтандырылған сәйкестендірілген дербес шоттар жүйесі, салық төлеушілердің жеке шоттарының толық бейнесін береді.

        РВУ - Хабарландырулар тізілімі, электронды түрдегі ескерту хабарламаларын жолдауға мүмкіндік береді.

        Астана-1 АЖ – Кедендік және салықтық әкімшілендірудің автоматтандырылған жүйесі, электронды түрде тауарлар декларациясын табыстауға мүмкіндік береді, ол құзыретті органдарға 5 қолданыстағы кеден жүйесін және кешенді жүйелерін біріктіреді.

Ақпараттық  технологияларды пайдалану және оны тиімді жүзеге асыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді, қызмет сапасының деңгейін және халықтың сенімін арттырады.

А. Мыханов,
Қызылорда облысы бойынша МКД
Адам ресурстары басқармасының 
                                бас маманы