Дата публикации: 18.09.2018 18:34
Дата изменения: 18.09.2018 18:34

 Елімізде  жүргізіліп  жатқан  экономиканы  жаңғырту мен ауқымды әлеуметтік өзгерістер жағдайында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру қажеттілігі айқындала түсті.

Дамудың қазіргі кезеңіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттары, Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясында және «Ұлт  жоспарының 100 нақты қадамында» анықталған, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру жөніндегі міндеттерді іске асыру арқылы ғана жүзеге асырылады.

Мемлекеттік  кірістер  органдарының қызметінде,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, негізгі  басымдықтардың  бірі  ретінде қойылған.

Сондықтан, сыбайлас  жемқорлық  деңгейін  төмендетуге, оны  тудыратын  себептер мен жағдайларды  жоюға мүмкіндік беретін кешенді профилактикалық шараларға баса назар аударылып отыр.

Осы ретте, құқық бұзушылыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстың көп басымдылығы, негізінен, сыбайлас жемқорлықты қоса алғанда, құқық бұзушылықтарға жол бермеуді ескерту, алдын-ала  анықтау және олардың туындау көзіне себеп болатын фактілерді төмендету жұмыстарына бағытталған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихат жүргізу мақсатында, қызметкерлер арасында  сыбайлас жемқорлықтың әртүрлі нысандарына қарсы тұру туралы құқықтық оқулар, семинар-кеңестер, дөңгелек үстелдер, лекциялар мен пікір алмасулар  өткізіліп келеді.  Әдеп жөніндегі уәкіл түсіндірме жұмысымен белсенді айналысады. Ішкі қауіпсіздік қызметкерлерімен бірге, аумақтық  мемлекеттік кірістердің органдарына  барып,  семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізіліп отыр.

Сонымен қатар, Департамент қызметінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз етуге бағытталған сайты бар, онда барлық мүдделі тұлғалар қолданыстағы ережелер, нұсқаулықтар, нормативтік-құқықтық актілер, сондай-ақ қызығушылық тудыратын сұрақтар қоюға және білікті мамандардан жауап алу мүмкіндігі жасалған.  

Кызмет этикасының, мемлекеттік қызмет туралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамаларының нормаларын лауазымды тұлғалардың бұзушылық  фактілерін,  сенім телефоны арқылы, сондай-ақ Әдеп жөніндегі уәкіліне  жеткізе алады.

Құқық  бұзушылықтарды  болдырмау  мен анықтау  және бақылау мақсатында, салық төлеушілермен тікелей байланыстағы қызметкерлердің жұмыс істеу орындарына бейнекамералар орнатылған.

 

М.Оралбаева,

Қызылорда облысы бойынша МКД
Адам ресурстары басқармасының 
бөлім   басшысы