Дата публикации: 13.11.2018 16:03
Дата изменения: 13.11.2018 16:03

Шартты түрде шығару

 

Техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестікті растау, тауарлар шығарылғаннан кейін тыйым салулар мен шектеулерді сақтау тәртібі мен мерзімдері

Шартты түрде шығарылған тауарларға, тауарлардың техникалық регламенттері талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттары декларацияларды тіркеу күнінде болмаған, ішкі тұтыну үшін шығаруға кедендік рәсіміне ұсынылған тауарлар жатады.

Шартты түрде шығарылған тауарлардың техникалық регламенттері талаптарына сәйкестігін растау үшін декларант сәйкестікті растау жөніндегі органдарға және (немесе) сынақ зертханаларына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы №90 қаулысымен бекітілген "Сәйкестікті растау рәсімдері" техникалық регламентіне сәйкес нысан бойынша сертификаттау жүргізуге арналған өтінішті береді.

Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 7 сәуірдегі №620 шешімімен Кеден одағы шеңберінде сәйкестікті міндетті түрде бағалауға (растауға) жататын өнімдердің тізбесі бекітілген.

"Қазақстан Республикасында өнiмдердiң сәйкестiгiн мiндетті түрде растау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 сәуірдегі №367 қаулысымен бекітілген міндетті түрде сертификаттауға жататын өнімдердің тізбесі бекітілген.

          Шартты түрде шығаруға жол берілмейтін тауарлардың тізбесіҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 21 шілдедегі №441 қаулысымен бекітілген.

«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 202-бабының 10-тармағына сәйкес, техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестікті растау, тауарлар шығарылғаннан кейін тыйым салулар мен шектеулерді сақтау тәртібі мен мерзімдері, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі №287, Қазақастан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 16 мамырдағы  №266 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы   2 мамырдағы №500 бірлескен бұйрығымен (бұдан әрі – Бірлескен бұйрық) бекітілген.

Бірлескен бұйрықтың ережелеріне сәйкес техникалық регламенттер талаптарына сәйкестікті, техникалық реттеу бөлігіндегі тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растауға  қатысты тауарларды ішкі тұтыну үшін шығаруға кедендік рәсімнен өтуге орналастырған күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде жүзеге асырылады.

Бұл ретте шартты түрде шығаруға тауарларды орналастырған жағдайда, декларант жоғарыда көрсетілген мерзімде шартты түрде шығарылған тауарларға сәйкестігін растау туралы құжатты ұсыну туралы міндеттемені еркін нысанда аумақтық бөлімшеге ұсынады.

Сонымен бірге, шартты түрде шығарылған тауарларға сәйкестігін растау туралы құжатты ұсыну мерзімі бұзылған жағдайда, декларант Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 225 бұйрығының ережесіне сәйкес, Кодекстің 202-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген шартты түрде шығарылған тауарларға қатысты талаптардың сақталуын тексеру, мемлекеттік кірістер органдарының құрылымдық бөлімшесі, техникалық реттеу бөлігінде тауарлар шығарылғаннан кейін тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растайтын мерзімінің аяқталуы бойынша Кодекстің 415-бабына сәйкес үй-жайлар мен аумақтарға кедендік қарап тексеруді жүргізу жолымен жүзеге асырады.

Техникалық реттеу бөлігінде тауарлар шығарылғаннан кейін тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растайтын ұзартылған мерзімі аяқталғаннан кейін сәйкестігін бағалау құжаттары ұсынылмаған жағдайда, мемлекеттік кірістер органдарының құрылымдық бөлімшесі мерзімділігі                 2 (екі) айда 1 (бір) реттен аспай осы тауарлардың бар-жоғына кедендік бақылауды жүргізеді.

Көрсетілген бұзушылықтар анықталған жағдайда, декларант Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Шартты түрде шығаруға қатысты туындаған сұрақтар бойынша Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Кедендік бақылау басқармасына 8(7242)21-52-77 телефон арқылы хабарласуға болады.

           Аталған бұйрықтар мен Үкімет қаулылары «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған.

 

Кедендік бақылау басқармасы

21-52-77