
Қызылорда облыстық әкімдігінде 2015 жылдың бірінші жартыжылдығын қорытындылаған кеңейтілген мәжіліс өтті.
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев атап өткендей, өлкенің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бірнеше бағыт бойынша жақсарғаны байқалады. Солардың қатарында – бюджетке түсетін салықтар мен түсімдердің өндірілуі еліміздің басқа аумақтарымен салыстырғанда алдыңғы қатарда.
Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Серік Жолдасбекұлы Мұстафаев республикалық және жергілікті бюджетке түсімдер бойынша баяндап, салық салу базасын кеңейту бағытындағы жұмыстарға тоқталды.
2015 жылдың 1 шілдесіндегі жағдайға мемлекеттік бюджеттің болжамы 114,4% орындалып, өткен жылдың көрсеткішінен 10,6 млрд.теңге артығымен түсім түсіп, өсу қарқыны 48,5% құрады. Оның ішінде республикалық бюджет 121,1 пайызға, жергілікті бюджет 111,5 пайызға орындалды.
Есепті кезеңде негізгі күш камералдық бақылау негізінде қосымша кіріс көздерін іздестіру, жергілікті уәкілетті, атқарушы органдармен бірлесіп жұмыстар атқару сияқты басым бағыттарға жұмсалды. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде:
- 2015 жылдың басынан бері салықтар мен төлемдер бойынша бересі 15,4 млрд.теңгеге азайды немесе 87%.
- жүргізілген 122 кешенді және тақырыптық тексерулер бойынша 9,9 млрд.теңге салықтар мен төлемдер қосымша есептелді.
- салық төлеушілермен жүргізілген сұхбат және камералдық бақылау шаралары бойынша бюджетке 3,9 млрд.теңге қосымша салықтар мен төлемдер есептелді, оның бюджетке өндірілгені 2,2 млрд.теңге.
Жыл басынан бері шағын кәсіпкерлік субъектісінің саны 37 813-ден 39 151-ге көбейіп, 1308 бірлікке артты. Алайда, мемлекет тарапынан шағын кәсіпкерлік субьектілеріне беріліп отырған жеңілдіктерге қарамастан көптеген салық төлеушілердің нақты табыстарын жасырып салық төлеуден жалтаруы орын алып отыр.
Оған дәлел жыл басынан бері 25 объектіге жүргізілген хронометраждық зерттеу жұмыстарының нәтижесімен салық төлеушілердің бір күндік табысы 11 есеге дейін өссе, 9 салық төлеуші табыстарын 129,2 млн. теңгеге көбейтіп, 4,0 млн. теңгеге қосымша салық есептелінді. Жұмысшылар саны 47 адамға көбейді. Сонымен қатар, алкоголь өнімдерін лицензиясыз сату және алкоголь өнімін бөлшек саудада бекітілген бағадан төмен сату фактісі анықталып ҚР ҚК-нің 214 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
Салық кодексінің 645 бабына сәйкес бақылау кассалық машиналарының, POS-терминалдың қолданылуы қолма-қол ақша арқылы қызмет көрсетуде тұтынушыларға чек талап ету арқылы өз құқығын қорғауға мүмкіндік беретіндігін түсіндіру және салық салу базасын кеңейту мақсатында Кіріс органдарының бастамасы бойынша Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен «Тұтынушы чек талап ет, сыйлық ұтып ал» акциясы өткізілді.
Сонымен қатар, жүргізілген тақырыптық тексерулер барысында барлығы 642 құқық бұзушылық анықталып, 620 салық төлеушіге әкімшілік іс қозғалып, салық төлеушілер тарапынан 355 бақылау-кассалық машинасы, 15 POS-терминал тіркелді.
Жергілікті атқарушы органдармен бірлескен іс шара жоспары аясында біршама нәтижелі жұмыстар да атқарылып келеді.
Департамент басшысы, сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар тарапынан тұрақты бақылауды және белсендіруді талап етілетін бірқатар шараларды кеңейтілген мәжілістің назарына ұсынды.