Қазақстан Республикасының 2016 жылдың 30 қарашасындағы «Салық салу және кедендік әкімшіліктендіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» № 26-VI ЗРК заңымен, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Бұл өзгерістер осы жылдың 1 қаңтарынан күшіне еніп отыр.
Енгізілген өзгерістерге нақты тоқталсақ.
Заңды тұлғалардың уақытша сақтау қоймалары немесе кедендік қоймалар иелерінің тізіліміне енгізу шарттарын реттейтін Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 40 және 47 баптарының ережелері видеобақылау құралдарымен қаралмайтын аймақтардың (учаскілер) барын болдырмау және периметрі бойынша сары түс бояуымен тексеріп қарау орындарын белгілеу бөлігінде нормалармен толықтырылады.
Сонымен қатар, Тауарларды кедендік қарау мен кедендік қарап тексеруді жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекітуде кеден ісі саласындағы уәкілетті органның құзіретін қарастыратын Кодекстің 204 және 205 баптарына толықтырулар енгізіліп отыр.
Әкімшілік тосқауылдарды төмендету мен кәсіпкерлерге түсетін жүктемелерді, көлік құралдарын босату, негізсіз тұруларды болдыртпау, сондай-ақ, СЭҚ қатысушылардың шығындарын азайту мақсатында, тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтау қоймасына орналастыруда түсіру қажеттілігі туындағанда, түсіру жұмыстарының басталуын тасымалдаушымен тауарды қоймаға орналастыру мақсатында, жүк құжаттарын ұсыну мезетінен 4 (төрт) сағаттан кешіктірмей, жүктердің түсіру жұмыстарының басталуын қамтамасыз ету Кодекстің 44 бабына уақытша сақтау қоймасы иесінің міндетімен толықтырылды.
Декларант бойынша, «Сыртқы экономикалық мәміле»терминінің анықтамасын анықтау мақсатында және кедендік операциялар мен кедендік декларациялауды іске асыру кезінде ұғымды қолдану үшін, осы ұғымды анықтауды қарастыратын Кодекстің 284 бабы 2 тармақпен толықтырылды.
Зияткерлік меншік объектілерін кедендік тізілімге енгізу жөнінде өтінішті қарастыру мерзімдерін ұзарту бойынша, Кодекстің 439 бабы, 5 тармағында зияткерлік меншік объектілерін кедендік тізілімге енгізу жөніндеөтінішті қарастыру мерзімдерін ұзарту негіздемесін нақтылау енгізіліп отыр (сауалды үшінші тұлғаларға және (немесе) басқа мемлекеттік органдарға жіберген жағдайда).
Уәкілетті экономикалық операторлардың (УЭО) қызметтерін жеңілдету (оңайлату) бойынша, Кодекстің 63 бабына өзгертулер енгізіліп отыр, оған сәйкес, бұрын өткізілген тексерістер кезеңін есепке алып, Уәкілетті экономикалық оператордың тізіліміне енгізу шарттары сәйкестігіне көшпелі кедендік тексеру өткізу кезеңі анықталды(сыртқы экономикалық қызметті іске асыру кезеңінің, бірақ, уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу жөнінде өтініштің тіркеу күнінен бес жылдан астам емес уақыттан).
УЭО мәртебесін беруден бас тарту (ӘҚбК 8 бабы), сондай-ақ, УЭО тізіліміне енгізу туралы куәлікті кері шақырып алу (ӘҚбК 9 бабы) үшін негіз болып табылатын, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодексінің баптарының саны қысқартылды.
Сонымен қатар,УЭО-ың оңайлатуларды пайдалану құқықтарын сәйкестендіру үшін көлік құралдарын белгілеу мен уәкілетті экономикалық оператордың қызмет ету шарттарын жеңілдету мақсатында, Кодекстің 65 бабы уәкілетті экономикалық оператордың халықаралық тасымалдау көлік құралдарын белгілеу үшін айыру белгісін пайдалану мүмкіндігі қарастырылатын ережелерімен толықтырылады, осындай айыру белгісінің нысаны кеден ісі саласындағы уәкілетті органмен бекітілетін болады.
Кедендік транзит рәсімдерін жеңілдету бойынша,СЭҚ қатысушылары үшін кеден операцияларын жеңілдету және әкімшілік тосқауылдардың төмендеуі мақсатында, Кодекстің 319 бабының 3 тармағы ережелермен толықтырылуда, оларға сәйкес, бір елді-мекеннің әкімшілік-аумақтық шекаралары шеңберінде орналасқан (мысалы, әуежайдан УСҚ дейін), келу орнынан уақытша сақтау орнына дейін тасымалданатын шетелдік тауарларға қатысты кедендік транзит рәсімі қолданылмайды.
Кодекстің 321 бабының 2 тармағы әуе көлігімен жеткізілетін тауарлар, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан келу орнынан жеткізу орнына дейін кедендік транзит кезінде, кедендік баж, кедендік салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді ұсыну талап етілмейді.
Атаған өзгерістер, қолданыстағы заңнамаларды оңтайландырулар мен бизнес жүргізу үшін СЭҚ қатысушыларға барынша қолайлы жағдайлар жасауға бағытталғанын көрсетеді.
Әли Майхиев,
Қызылорда облысы бойынша МКД
Кедендік бақылау басқармасының басшысы