Салық органдары салық төлеушілер ұсынған салық есептіліктерін талдау нәтижесінде салық төлеушілердің қызметін тәуекел дәрежесі төмен, орташа немесе жоғары санаттарғажатқызу арқылы бөлуді жүзеге асырады;
Тәуекел дәрежесі жоғары болып анықталған салық төлеушілерге хабарлау, хабарламалар жолданып, барлық хабарлау, хабарламаларды толығымен нәтижелі түрде орындаған салық төлеушілер жоғары тәуекел деңгейінен орташа немесе төменгі деңгейге ауыстырылады.
2020жылдың 2 жж тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану барысында облысымызда тіркелген 47 047 салық төлеушінің тәуекел дәрежесі келесі санатты құраған:
- төмені – 30 228, яғни 2020ж. 1 жж салыстырғанда 6 497 СТ, немесе 27% артқан;
- орташасы – 16 312, яғни 2020ж. 1 жж салыстырғанда 15 073 СТ, немесе 1,9 есеге азайған;
- жоғарысы – 507, яғни 2020ж. 1 жж салыстырғанда 7 СТ, немесе 2% азайған.